$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстандық кәсіпкер ақын Серік Сейітманға Астананың төрінен пәтер алып берді

Атын атамауын өтінген белгілі кәсіпкер ақын Серік Сейітманға елорда төрінен пәтер сыйлады. Сүйінші хабарды алғашқылардың бірі болып желідегі парақшасына Талант Арынғали бөлісті.

«Сүйінші! Серік Сейітман бауырымыз үйлі болды! Ақынның өнеріне бас иген кəсіпкер азамат Серікке Астана қаласының орталығынан пəтер сыйлады. Бұл қуанышты жаңалықты өзінің атын жұртқа жарияламауды өтінген атымтай жомарт кеш соңындағы дастарқан басында мəлімдеді. Серік досым бұған дейін жатақханада тұрып келген болатын. Ал енді қоныс той құтты болсын дейміз!»,- деп жазды қазақ ақыны Талант Арғынғали Facebook парақшасында.

Сыйлығын жарияға жар салғысы келмеген атымтай жомарт суреттегі жігіт болуы да бек мүмкін. Есімі – Ыбырайым Бабаев.

Айта кетейік, Серік Сейітман «Қырсық қызға қолтаңба», «Қазақтың қаны», «Қарашаңырақ», «Домбыра» атты кітаптардың авторы. Роза Рымбаева, «МузАРТ» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Бауыржан Исаев, Ибрагим Ескендір, «Жігіттер» тобының орындауындағы танымал әндерге мәтін жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары