Малайзияның солтүстік-батысында орналасқан Пенанг аралында 19 жастағы бойжеткенді бұзақы жігіт екі жерден пышақтап қашқан деп жазады Life.ru.
Түнгі ауысымнан шығып, қуыс көшеден үйіне қайтып келе жатқан бойжеткеннің алдынан жігіт шығады. Сөмкесін тартып алмақ болған бұзақыға қыз қарсылық көрсеткенде ер адам оның қарны мен бетіне пышақ сұғады.
Жәбірленуші полиция келгенше жүзіндегі пышақты суыра алмай, күтіп отырған.
Бойжеткеннің айтуынша, ер адам сұңғақ бойлы, денелі екен.
Полицейлер қызға шабуыл жасаған жігітті іздестіріп жатыр. Жүріп өтуі мүмкін деген Аралдағы бейнекамералардың барлығы тексеріледі.