$ 449.58  486.94  4.86

Дәрі көмектеспейді: Ләйлә Сұлтанқызы қалай салмақ тастап жүргенін айтты

Бір кездері тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының атынан арықтауға арналған түрлі препараттардың жарнамалары желіде қаптап кеткен болатын. Кейін Сұлтанқызы бұлардың ешқайсысына да қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оның салмақ тастауының сыры бар болғаны cалауатты өмір салтын ұстануында көрінеді.

 «Жаз жақындағанда қаншама қыз-келіншек спортпен айналысып, дене сымбатын жинақтап алады. Ал нәтижесінде ішкі органдарымыздың да дәл солай қалыпқа келетінін байқай бермейміз. Осыдан тура бір жыл бұрын өзім сенетін орталықтың ұйымдастыруымен Кореяғаға чекап өтуге бардым. 5 сағатта бүкіл ағзаны тексеріп, барлық жағдайды айтып түсіндірді. Ең қатты уайымдағаным – оң жақ бүйректің 5 см төмендегені болды. “Мазаламаса, тиіспеңіз!”- деді. Жарайды, мазаламайды делік, бірақ ол жылдар өткен сайын қадағаламасаң, одан да төмендейтіні анық. Өзіміздің дәрігерлер “спорт, спорт, тек қана бел бұлшық етін қатайту керек, үнемі қадағалап тексеріліп жүріңіз”,- деді. Содан осы жылдың басында спортқа ден қойып, аптасына 3-4 рет жеке жаттықтырушымен үзбей шыныға бастадым. Кәдімгідей жылайтынмын басында, шамам келмей, шаршап та қалатынмын. Жаттығу залынан шыққанда, енді есігін ашпаймын деп кетем, бірақ бүйрегімді ойлап қайта айналып келем.

Содан, жылап-сықтап жүргенде 4 ай өтті де шықты. Өткен аптада тексерілдім. Қуанғанымды көрсеңіздер ғой, 5 см-ден 0,5 см-ге дейін оң бүйрегім көтеріліп, жағдайы біраз жақсарған. Айтпағым спортқа сыртқы қалыбымыз ғана емес, ішкі мүшелеріміз де мұқтаж.

Ешқандай БАД не дәрі сізді аздыра алмайды. Болған болса, әсері уақытша болуы мүмкін…

Ешқандай да жарнамаға сенбеңіздер!!! Мен ешқандай шай, дәрі, БАД жарнамасына түскен жоқпын», – деп жазады Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары