Тойда тайдың жілік сүйегін сындырған маңғыстаулық жігіт жұрттың қошеметіне бөленді. Осы сәтті той қонақтарының бірі телефон камерасына түсіріп, видеоны әлеуметтік желіде бөліскен.
Бейнежазба авторы тойдың Астанада өткенін жазады. Ал тайдың жілігін бір қолымен-ақ ұрып, ортасынан қақ жарған жігіт Маңғыстау өңірінен екен.
Басында той қонақтары жігіттің жілікті сындыратынына аса сенбеген кейіп танытқан. Бірақ, сүйекті жігіт ұрып кеп қалғанда ол ортасынан қақ бөлінеді. Жілік арнайы темірдің үстіне қойылған. Себебі, оны ұрғанда жердің қатты болғаны дұрыс екен.