$ 498.34  519.72  4.85

Қарттар үйінде орын жоқ: Қараусыз қалған қариялар далада қалғалы отыр

Петропавлда қарттар үйінде мүлдем орын жоқ. Тағдырдың тәлкегімен жақындарынан айырылып, қараусыз, жалғыз қалған қариялар, қайда барарын білмей жүр. Қазірдің өзінде еліміздің солтүстігінде қарттар үйін паналаған зейнеткерлердің саны бес жүзге жеткен.

Нина Щербакова жары қайтыс болған бес жылдан бері жалғыз қалған кейуана. Жасы тоқсанға жақындаған қарттың балалары мен жақындары сырқаты көп жаннан теріс айналған екен. Ақыры өмірінің соңында жалғыз қалған зейнеткер, өзіне қарайтын адам болмағандықтан қарттар үйіне барғым келеді дейді.

«Жанымда ешкім қалған жоқ. Туысқандарыммен жай ғана араласып тұрамыз. Сонда да ешкімгекерек жоқ болып қалдым», – тұрғын НИНА ЩЕРБАКОВА.

Сорақысы сол, қариясын қастерлеген елдегі қарттар үйлері ата-әжелерге лық толған. Немересін бағып, балаларының ортасында отыратын шағында даладан пана іздеп жүрген қарттардың қарасы көбейген.

Қалада жалғыз жеке меншік қарттар үйінде бірде бір бос орын жоқ. Қаңырап бос тұруы тиіс болғанымен тіпті қосымша орындар ашпақ. Өйткені жыл сайын ондағы кезек өсіп келеді екен

Қарттар үйіне тап болған әрбірінің тағдыры бір біріне ұқсамайды. Бірі жарымжан жан болса, екіншісінің жақындары қалмаған. Тіпті алдағанның арбауына түсіп, үй-күйсіз дала кезіп қалған кейуаналар мен қариялар да осы жерден пана іздеп келген. Ал мына зейнеткердің туған баласы өзіне айтпай үйін сатып жібергендіктен, қарттар үйінен басқа барар жері қалмаған.

«Бір қызым Ресейге көшіп кетті. Екіншісі осында тұрады. Бәрі менен бас тартты.  Амал нешік. Осында келуден басқа жол болмады», – зейнеткер ИРИНА УХАНОВА.

«Біздің мекемеде тұрғысы келетіндердің қатары көп. Сондықтан орындарды ұлғайту керек деп шештік. Біз қарттардың 90 пайыз зейнетақысымен күн көреміз», – жеке меншік қарттар үйінің атқарушы директоры ТАМАРА МАЛИТИНА.

Одан өзге облыс орталығынан шалғайда мемлекеттік екі қарттар үйінде 465 адам тұрады. Сұмдық статистика атқа мінерлерді де шошытып отыр.

«Смирнов ауылындағы қарттар үйінде 345, Тайыншадағы мекемеде 120 адам тұрады. Бәрінің туысқандары мен мұрагерлері олардан ресми түрде бас тартқан», – СҚО әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы СӘУЛЕ БАЙМҰҚАНОВА.

Бұл адамдар бір -бірімен әзілдесіп отырғанымен, көздерінен сағыныш пен қайғы мұңы көрініп-ақ тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары