$ 494.87  520.65  4.91

Оғыз Доған жұрттың өзін неге «жүргіш» дейтінін айтты

Оғыз Доған өзін Дон Жуан деп айыптап, айдар тағушыларды қазаққа қарсылардың ақпараттық шабуылы деп есептейді. Жалпы, жүргіш дегенді тасада тұрып тас атушылардың қайдан шығарып отырғандарына дейін түсіндірді.

 Өз жауабы арқылы Оғыз Доған мұндай ақпараттық шабуылдарға дайын екенін, еш саспайтынын әрі мұндайда мүлде сасуға болмайтынын емеуірінімен де аңғартты.

— Жұрт көріп отыр ғой. Дон Жуан деген алып-қашпа сөз қашан шықты? Мен Казком банкі маңындағы дау-дамай басылған соң бықсыды. Оларды мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін айыптап, ақыры банк ел алдында кешірім сұрады. Осымен бәрі бітуі керек еді.

Бірақ осы бір жағымсыз әңгіме бұрқ етті. Неге? Өйткені қазақтілді қауымның құқығы жеңді ғой. Бұл жеңіс қоғамға үлгі болды. Ал әлгі даурықпа әңгімені шығарушылар ол түк те үлгі емес дегенді дәлелдегісі келген секілді. Көрдіңіз бе?

Осылай мен мұнда да жау тауып алдым өзіме. Қазақ тілінің сойылын соямын деп. Бұл — біріншіден.

Екіншіден, менің жауым сыртта да бар. Шындық бар жерде біреулердің шымбайына батады.

Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды дейді қазақ. Бірақ сол желді қолдан тұрғызғандар болды менде. Мені бір қызбен жүрді деп жазып жіберді түрік газеттері кезінде. 2010 жылы болуы керек. Сол заматта оларды сотқа бердім, сотта мен жеңдім. Ақ екенімді дәлелдедім.

Бірақ өсектің аты өсек. Бір жабысса артыңнан ере береді екен. Дон Жуан деп жүргендеріңіз соны бықсытып отыр. Көрдіңіз бе? Әйтпесе қыздарға қырғидай тиіп жүрген жайым жоқ.

Иә, менің шешем қазақ. Арғынның қызы. Өзім де Арғыннан қыз алып отырмын. Астанада филармонияда жұмыс істейді, есімі — Жібек. Құда түстік, қазір бірге тұрып жатырмыз. Бірақ үлкен той әлі алда…

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары