Жақында ғана жайдарманшы Мерекені жұрт «өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты» деп сөккен. Енді көпшілік оны «күйеуіне еден жуғызды» деп айыптап жатыр.
Жас жұбайлар әзілдерін отбасылық өмірде де жалғастыра бастағандай. Тұрмыстық шаруадан әбден мезі болған жас келін күйеуімен бәстесіп, жеңіп, оған еден жуғызады. Алайда, Мерекенің бұл қылығы желі қолданушыларының шамына тиіп, түрлі жағымсыз пікір жазуға әкеп соқты.
«Ер адамға пол жуғызған ұят емес пе?», «Мереке, мынаны енең көріп ұяттан жерге кіріп кетейін деп отырған шығар», «Немене, осылай да әзілдеуге бола ма? Масқара! Ұят!», – деп жазды олар.
Десе де бұл әзілді құп көргендер де табылды.