Астанада 22 мамыр күні түскі сағат 13: 05 шамасында күн күркіреп, жаңбыр жауа бастады. Бас-аяғы 1 сағат ішінде қатты жел салдарынан келген зардаптарды тұрғындар желіге жүктеп жатыр.
Түркістан көшесіндегі тұрғынүйлердің бірінің шатыры тұрақтағы бірнеше көліктің үстіне құлаған.
Сондай-ақ бейбітшілік және келісім сарайының бірнеше бағанадағы шынысы қирап қалған.
Тұрғындардың бірі тіпті, құрылыс алаңында тұрған кранның да құлап қалған сәтін түсіріп алған.
Басқа да тұрғынүй кешендеріндегі балалар алаңқайы төңкеріліп жатыр.
Төтеншеліктер зардап шеккендер жайлы ақпарат әлі тарата қойған жоқ.