$ 494.87  520.65  4.91

Отандық филантроп Мәскеудегі қазақ студенттеріне қаржылай көмек беріп, ауызашар ұйымдастырды

Танымал отандық филантроп және профессор Оралбек Ботбай Мәскеуде білім алып жатқан қазақ студенттеріне ауызашар ұйымдастырды. Бұл туралы «Жас Тұлпар» қазақ студенттері бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасиетті рамазан айына тұспа-тұс келіп жатқан қайырымдылық шарасы – есімі елге танымал кәсіпкердің алға қойған мақсаттарының бір парасы ғана. Өткен жылы ол «50 жасқа – 50 игі іс» акциясын бастап, оқу үлгерімі озат, әлеуметтік жағдайы төмен 30 студентке шәкіртақы тағайындаған еді. Биыл да сол ісін жалғастырып, елден жырақта оқып жатқан қазақ студенттеріне қамқорлық танытты.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұлттық рух пен тарихтың түрленуіне өз үлесімді қоссам», – деген меценат өзі басқарып отқан «Қошқар Ата» қайырымдылық қорының атынан қоғамдық өмірге белсене атсалысып жүрген бір топ мәскеулік қазақ студенттеріне «Қошқар Ата» естелік медалін тағып, қаржылай жәрдем көрсетті.

– Елден арнайы іздеп келіп, мұндай шараны өткізіп отқан қазақ кәсіпкерлері көп емес. Сондықтан Оралбек Қожамжарұлының ізгі шарасына үн қосуды мақсат еткен қазақ студенттері ауызашарға жиналып, белгілі филантроптың еңбегін ескерусіз қалдырмау мақсатында іргетасы 1960 жылы қаланған бірлестік атынан Алғыс хат тапсыруды жөн деп шештік, – деп, сөзін түйіндеді «Жас Тұлпар» қазақ студенттері Төрағасы М.Баймағұлов.

 

Оралбек Ботбайдың өзі болса мұндай қайырымдылық шараларымен айналысу – ата-баба салты екенін жеткізіп, болашақта да игі істердің басы-қасынан табылу – өмірлік ұстанымы екенін айтты.

Айта кететін жайт, аталған шара барысында екінші жыл қатарынан Мәскеудегі қазақ студенттеріне қолдау танытқаны үшін О.Ботбайға ҚР Мәскеудегі Елшілігі атынан арнайы Алғыс хат тапсырылды.

Мәскеу қалалық орталық мешітінде өткен шараға келген Ресей ғылым академиясының докторанты Қ.Дәуітәлиевтің пікірінше, мұндай шаралар «өзі мұсылман, өзі қазақ баласын бірлікке бастайтын жол». Сөзін Абайдың «Бірлік малға бірлік емес, ақылға бірлік» деген ойымен бастаған ол, Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастарының ауызашарға жиылуын және осыған мұрындық болып отқан О.Ботбайды құттықтады.

«Мен үшін Қошқар ата медалін алу күтпеген жәйт болды. Әулие-әмбиелеріміз бен ата-бабаларымыз аманат еткен жолды - жолда қалдырмай, қолдай жүретін іскер азаматтарымыз мол болсын», - деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары