Астананың орталық базарындағы эскалатор 2 жасар қыз баланың қолын жұтып қойды. Оқиға 22 мамыр күні таңертең болған.
Видеода бүлдіршіннің қолын қысып қалғаны көрінеді. Жиналған жұрт эскалаторды тоқтатуға тырысып жатады.
Оқиғаны денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы бірқалыпты деп отыр.
«Бала №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қыздың қолын тексерді. Білегіне гипс жасалды. Баланың жағдайы бірқалыпты. Емдік шаралар жүргізіліп жатыр»,– дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.