$ 448.15  483.46  4.86

Намаз оқып тұрған имам «әмин» деп айқайлағандардан мешіттен шығып кетуін талап етті (ВИДЕО)

Атырауда мешіт имамы сүре оқылып жатқанда «әминді» айқайлап айтатындар үшін намазын тоқтатты. Дінге қайшы әрекет жасағандардан ол мешіттен шығып кетуін талап етті.

«Сіздер оқымасаңыздар, оқитындарға кедергі жасамай шығып кетіңіздер. Жамағат шығып кетсін бе? «Әминді» іштен айтпайды екенсіздер босатыңыздар. Сіздерді мешітке кіргізбейтін қыламын. Күзетшіге айтамын.

Біз Пайғамбарымыздың жолымен жүреміз. Сіздер сияқты бір хадисін орындап, екіншісін орындамай қоймаймыз», – дейді имам.

Бір топ жамағаттың не мешітте қалғаны не шығып кеткені жайлы ешқандай ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары