$ 447.4  477.55  4.76

150-ден аса педофил бостандықта жүр

Қазақстанда 150-ден аса педофил бостандықта жүр, - деп хабарлайдыYK-news.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, құқық қорғау органдарының салақтығынан бостандықта қалып қойған педофилдер қылмысын жалғастырып жүр.

"Олар жылдар бойы ауыр және аса ауыр қылмысты жасайды. Өкінішке орай, полиция қызметкерінің қызметі кәсібіне сәйкес еместігін мойындау керек", - деді ҚР бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Исаев.

Шығыс Қазақстан облысы ІІД мәліметінше, облыста балаларды зорлаған екі адам іздеуде жүр. Айта кетейік, тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп жатқанда, прокурорлар мен министрлер педофилдермен күресудің бірнеше радикалды тәсілін ұсынды. "Ішкі істер министрлігі сексуалыдық қылмыскерлердің мәліметтер базасын жасау жөніндегі ұсынысты енгізуі керек. Олардың қайда жүргендерін қоғамға хабарлау керек", - деді ҚР вице-министрі Бердібек Сапарбаев. 

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасы педофилдерді химиялық жолмен кастрациялау туралы нұсқаны қарап жатыр. Алайда, Парламентте бұл жаңалықтың қашан нақтылап талқыланатыны белгісіз қалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары