12.05.2018, 05:19

«Балдәуренде» «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымы ашылды

Ақмола облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымының республикалық ашылуы болып өтті.

Iс-шара жастар арасында патриотизмдi, өз жерiне, ауылына, қаласына деген сүйiспеншiлiк идеологиясы мен жастардың әлеуметтiк пайдалы жұмысқа деген оң көзқарасын қалыптастыру және нығайту үшiн жастарды бiрiктiруге бағытталған.

Басқосуға жастар мәселелерімен айналысып жүрген мемлекеттік орган қызметкерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Жастар саясаты департаментiнiң директоры Асхат Оралов, Қаржы министрлiгiнiң «Қаржы академиясы» АҚ тәрбие жұмысы жөнiндегi проректор Бақыт Сыздықова, Ұлттық Дельфий комитетiнiң директоры Құралай Туспекова, «Жас Отан» ЖҚ хатшылығының басшысы Кәрiбек Дәулет және өзге де белсенді азаматтар бар.

Үш күндiк слет аясында республиканың барлық аймақтарынан «Жасыл ел» командасының үздiк өкiлдерi республикалық деңгейдегi жастармен жұмыс жөнiндегi жетекшi сарапшылардың және жастар саясатының жетекшiлерiнiң түрлi семинар-тренингтерi мен мастер-класстарына, диалог алаңына қатысты. Қатысушыларға «Жасыл ел» ЖЕЖ-ның жаңа жобалары ұсынылып, экология мәдениетiн насихаттаудың жаңа тетiктерi талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылардың бос уақытын тиiмдi өткiзу үшiн ойын-сауық интеллектуалды ойындар, тимбилдинг кештерi, спорттық және т.б. iс-шаралар ұйымдастырылды.

Iс-шара соңында маусымның салтанатты ашылу рәсiмi және ағаш отырғызу бойынша «Жасыл Ел сыйы» акциясы өткiзiлдi.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының «Жасыл» қозғалысы 2005 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Қозғалыс көптеген жiгерлi және қамқор жас қазақстандықтарды бiрiктiрдi, соның арқасында республиканың барлық өңiрлерiнде «Жасыл ел» штабтары жұмыс iстейдi, ал еңбек маусымының республикалық ашылуы — еңбек жасақтарының жұмысын бастау үшiн айрықша ресми старт ретiнде есептелетiн, жыл сайынғы дәстүрлi iс-шара болып табылады.