$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-дағы баланы жоғары сынып оқушылары зорлаған – Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген балаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қылмыстың әлі күнге ашылмай отырған себебі, балалардың туыстарының мемлекеттік органдарда жұмыс істеуінен.

«ОҚО-да баланы жоғары сынып оқушылары зорлаған. Бұл оқиғамен бірге қаншама былық шығып жатыр. Бірақ ешкім ештеңені дәлелдей алмады. Неге? Себебі, қылмысқа қатыстылардың туыстарының бәрі полция, басқа да лауазымды қызметтерде отыр. Олар қылмысты жасыру үшін аянып қалмады.

Бұған жол бермеу керек. Заңда бұған жол жоқ. Неге бұзады заңды?», – деп сөзін аяқтады Елбасы.

Еске сала кетейік, наурыз айының басында ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың ауыр тағдыры жайында жазған болатынбыз. Оның әжесі жергілікті журналистерге берген сұхбатында немересінің былтырдан бері зорланып келе жатқанын айтқан. Сөзінше, көрші мектептің 7-8 сынып оқушылары 1-сынып оқушысын алдымен ұрып соғып, артынша зорлайды екен. Осылай былтыр тамыз айынан бері жалғасып келеді дейді ол.

Баланың әжесі сұмдық жағдайды айтып мектеп директорына да, учаскелік полицияға да арызданыпты. Алайда, олар арызды қабылдамай, әжейге құрғақ уәде беріп, істі жылы жауып тастауға тырысқан екен.

Кейінірек белгілі болғандай, жоғары сынып оқушылары оқитын мектептің директоры жергілікті мәслихат депутатының келіні екен. Оның қайнісі ОҚО ІІД-де басшылық қызметте.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары