$ 447.4  477.55  4.76

Денсаулық сақтау министрі менингитке байланысты қазақстандықтарды ораза ұстамауға шақырды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясын жұқтырған қазақстандықтарға уақыта ораза ұстамауға шақырды деп хабарлайды ҚР Ақпарат жәнк коммуникалциялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі».

Министрдің пікірінше, қазіргі уақытта аталған аурудың алдын алу маңызды.

«Біріншіден, ересектер мен балаларға адамдар көп жиналатын орындар,а ойын-сауық орталықтарына, адам көп жиналатын мәдени шараларға, желдетілуі нашар орындарға баруды шектеу керек», – дейді министр.

Министрдің мәліметінше, Алматыда менингиттен көз жұмған 4 адамның үшеуі ораза ұстаған.

«Науқастардың кейбірі ауыз бекіткендіктен, дәрі қабылдаудан бас тартып, тым кеш емделе бастаған. Сонымен қатар иммунитеті әлсіз адамдар инфекцияны жылдам жұқтырып алуы  мүмкін. Сондықтан біз қазақстандықтарды мүмкіндігінше ауыз бекітуді тоқтата тұруға шақырамыз», – дейді Елжан Біртанов.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары