$ 498.34  519.72  4.85

Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактериялар қоздыратын жіті жұқпалы ауру.

Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.

Белгілері: бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.

Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:

- аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

- түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;

 - ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

- созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

- тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

- мұздаудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары