$ 494.87  520.65  4.91

Тағы қанша адам өлуі керек? Алагөзова менингитке қатысты бейқамдық танытып отырған Біртановты сынға алды

Айналасы бірнеше күннің ішінде менингиттен көз жұмғандар саны 13-ке жетті. Белгілі продюсер Баян Алагөзова Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың әлі күнге бейқамдық танытып, карантин жарияламай отырғанын айтып, сынға алды.

«Министр Біртанов менингиттен көп адам қайтыс болмағанын айтқанымен халықтың бәріне бірдей екпе салдыртпай отыр. Бірақ 12 адам көз жұмды бұл дерттен. Министрлік халықты тыныштандыруы үшін тағы қанша адам өлуі керек сонда?

Балаларыма күнде хабарласып, олардың ешқайда шықпауын қайта-қайта айтып жатырмын.

12 адам өлді. Бірақ жауапты орындар үнсіз. Қайтыс болғандарға бар кінәні артып жатыр «уақытында дәрігерге қаралмады» деп. Бұған кім жауапты? Қашанғы сабыр деп отыра береміз? Екпе неге қымбат? 12 адамның өлімі жай ма сонда? Халықтың өміріне расында да қауіп төніп тұрғанын түсіну үшін тағы қанша күтуіміз керек?», – деп сөзін аяқтады продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары