Жезқазғанда өрт сөндірушілер биліктен жалақыларын өсіруді талап етіп, видеоүндеу жолдады. Қаладағы өрт сөндіру қызметкерлері өздернің 50 мың теңгенің айлығына қарап отырғандарын ашық айтты.
«Үкіметтен біздің айлығымызды көтерсе деп сұраймыз. Жалақымыз орта шамамен 59 мың теңге, тіпті, 50 мың теңге алатындар бар. Мұндай жалақыға жұмыс істеу мүмкін емес. Бюджетте жұмыс істейтін өрт сөндірушілердің айлығымен бізді бірдей қойса дейміз», – дейді өрт сөндіруші қызметкер.
Олар мұндай 50 мың теңге жалақымен қазіргі қымбатшылық кезде отбасын асырау мүмкін емес екенін айтып отыр.
Сондай-ақ, билік басындағыларға өрт сөндіруші қызметкерлерін зейнетақыға ерте жастан шығарса деген өз ұсыныстарын білдірген.
Ешқандай көтеріліссіз, бейбіт жолмен жалақыларын өсіруді талап еткен өрт сөндірушілер биліктен жауап күтеді.