Танымал кәсіпкер өзін гей деп қауесет сөз таратқандарға жауап берді. Айтуынша, алаяқтар белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкейдің Instagram-парақшасын бұзып, өзі туралы жаман жазба қалдырған екен.
«Назар аударыңыздар! Шұғыл маңызды ақпарат! Алаяқтар Айгүл Мүкейдің аккаунтын бұзды. Сол арқылы сіздің аккаунтыңызғы кіріп, назарыңызды өзіне аудару үшін жалған ақпараттар таратады. Осылай сізді басты сайтқа кіргізеді. Ары қарай сіз өз логин мен құпия сөзіңізді енгізгенде олар көшіріп алады. Сөйтіп сізге кейін кибер-шантаж жасайды», – деп жазды кәсіпкер өз Instagram-парақшасында.
Айгүл Мүкейдің аккаунтын бұзғандар Қайрат Құдайберген гей деген ақпарат таратыпты. Мұны естіген миллионердің өзі күлкіге қарық болғанын айтып отыр.