$ 494.87  520.65  4.91

«Ыржалаңдаған жасөспірімдер»: Әзірет Сұлтан мешіті балалар лагеріне айналып кеткен бе?

Кәсіпкер Азамат Көшенов Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітін сынға алды. Құлшылық үйінде құжынаған балалардың даусы намаз оқуға кедергі келтіреді деген ол ондағы лагерді жауып тастауды сұрап отыр.

«Мешітке келушілерден Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы құлағына алтын сырға! Мешіттің ішінде балалар лагерін ашу қаншалықты дұрыс? Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі жағдай; іші тола шулаған балалар, намазға жығылған кісілердің алдында ары бері секіріп ыржалаңдап жүгірген жасөспімдер. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ. Тәрбие береді деген ұстазы телефон шұқылап отыр.

Менің ойымша мешіт мешіт болу керек, бала бақша бала бақша болу керек. Егер балаларды ұстай алмайды екенсіздер онда діни білім, тәлім-тәрбиелеріңізді сынып ішінде беріңіздер. Алла тағала бәрімізге сабырлық берсін!», – деп жазды Көшенов.

Айта кетейік, күні кеше ғана дәл осы Әзірет Сұлтан мешітіндегі ауызашар уақытында кейуананы талонсыз кірмегені үшін қызметкерлердің жұлқылағаны жайлы ақпарат тараған. Кейін имамдар ол жағдайдың бейбіт шешілгенін жеткізген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары