$ 444.14  477.05  4.85

Тараздағы балабақшада тәрбиешінің сәбиді ұрған сәті видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

Тараздағы балабақшалардың бірінде бала күтушісінің сәбиді ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Артынша аталған видеоролик Instagram әлеуметтік желісіне жүктеліп, қоғамның қызу талқысына түсті.

Бейнежазбада балабақшада кішкентай сәбилердің тамақ жеп отырғаны көрінеді. Сондай-ақ, ар жақтан баланың жылаған дауысы естіліп, оны бала күтушісі аямастан ұрып жатқанын аңғаруға болады. Бірақ әйелдің не себептен балаға қол көтергені белгісіз.

Артынша бұл оқиғаның 1 маусым күні, яғни Балаларды қорғау мерекесінде Тараздағы «Медина» балабақшасында болғаны анықталды. «Таяқ жеген» баланың анасы да табылып, ол балабақша қызметкерінің жауапқа тартылуын талап етті.

Мекеме басшысының айтуынша, 2 жасар Аяжанға ешқандай зақым келмеген. Десе де, оған қол көтерген бала күтушісін сол күні-ақ жұмыстан шығарып жіберіпті. Алайда, сәбидің анасы болса бұған қанағаттанбайтын тәрізді. Ол перзентіне қол көтерген балабақша қызметкерін заң алдында жауапқа тартқызатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары