$ 498.34  519.72  4.85

«Үйім жоқ, отбасымды қалай асыраймын?» Мүгедек жігіт арбасын өртеп, үкіметке наразылығын айтты (ВИДЕО)

Бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұрып, сол күйі баспанаға қол жеткізе алмаған мүгедек жігіт өзі отырған арбасын өртеп, үкіметке наразылығын білдірді және видеоүндеу жолдады.

Видео Алматы облысы Үштөбе қаласында түсірілген. Жол бойында мүгедектер арбасының жанып жатқанын көрген ер азамат иесінен оны не себептен өртегенін сұрайды. Оған жауап берген жарымжан азамат арбаны өртеу арқылы үкіметке наразылығын білдіретінін және баспана талап ететінін айтады.

«Үйім жоқ. Кезекке тұрғызып қойды. Басқаларына үй беріп жатыр. Ал, мен кезегімді күтуім керек. Мен мүгедекпін. Аяғыма протез салынған. Қай жерге барсаң да жемқорлық. Мүгедек арбасын депутаттар көңіл аударсын деп өртедім», – дейді шарасыз қалған жігіт.

Айтуынша, істейтін жұмысы жоқ екен. Отбасын қалай асыраймын деген ол өзіне биліктегілердің өзіне назар аударуын талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары