$ 441.58  480  4.86

Ақтөбеде ер азамат өзін жарып жіберді

6 маусым күні Ақтөбе қаласының 48 жастағы тұрғыны ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қалу үшін қолдан келгенін жасағанымен, сол күні ол қайтыс болды деп жазады «Диапазон».

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам аяқтары мен қолдарынан және кеуде тұсынан ауыр жарақаттар алған. Сондай-ақ, күре қан тамырлары жарылып кетіпті. Ол ауруханаға хал үстінде жеткізіліп, дереу операция жасалған. Алайда, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Облыстық Ішкі істер департаменті бұл жайтты суицид деп бағалап отыр. Оқиға 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойындағы компаниялардың бірінде болған дейді полицейлер. Қазір аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары