Жанар Дұғалова желідегі парақшасына бір көзін дәкемен танып тастаған суретін жариялады.
«Ешкім кінәлі емес!» Осылай деп ағылшынша қысқа қайырған Дұғалова желіге қорқынышты суретін жүктеді. Қорқыныштысы сол онда әншінің бір көзі тұтастай дәкемен танылған.
Бұл ретте желі қолданушылары Дұғалова үшін дұға етіп, амандығын тілеп жатыр.
«Не болды? Аман-есен жазылып кет!», «Жазылып кетіңіз!», «Не боп қалды, Жанар ханым?», «Әйтеуір жағдайыңыз жақсы ма? Не болды екен? Алла шипасын берсін», – деп жазды олар.