$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда 47 жыл бойы донор болған қария Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Алматы тұрғыны Александр Скаковский бүгінгі күнге дейін 600 литр қан тапсырған екен. Ол 47 жылдан бері қан доноры болып келеді.

Әлемдік рекорд орнатқан Джеймс Харрисон есімді австралиялық азамат та өмір бойы қан тапсырып, аптасына бір рет қан өткізіп отырған. Ол алғаш 25 жасында тапсырған. Александр Скаковский болса одан 75 донация ғана аз қан тапсырған екен.

«Донор салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Әсіресе қан тапсыру алдында тұтынатын тағамға мән беру керек. Қан тапсыруға бірнеше күн қалғанда майлы, сүрленген, ащы тамақтан да бас тарта тұрған жөн. Сонымен қатар спирттік ішімдікті мүлдем ішуге болмайды»,-деді ҚР құрметті доноры Александр Скаковский.  

47 жыл ішінде 1098 рет қан тапсырған отандасымыз рекорд бойынша екінші орында. Сол арқылы талай науқасқа жәрдем берген.

«Мен өтеусіз қан тапсыратын болғандықтан, орнына ешнәрсе талап етпеймін. Адамдардың өміріне араша түскеніме қуанамын», - деді ҚР құрметті доноры Александр Скаковский.

Қарияның бұл үлгілі ісін дәрігерлер де растап отыр. Олардың айтуынша, ақсақал әрдайым өзін жақсы сезінеді және жақсылыққа ұмтылған сайын жақсара түседі.

«Қарт донор өзге қазақстандықтар үшін үлгі. Өйткені әрбір адам мұндай қадамға бара бермейді. Донор болудың адамға, ағзаға зияны жоқ екендігін, керісінше пайдалы екендігін осы Александр Скаковскийге қарап айтуға болады», - деді Республикалық қан орталығы директорының орынбасары Саида Арыспаева.

Бүгінде жасы 70-тен ол 2015 жылдың 12 мау­сымында 1000-рет қан тапсырып, Қазақстан рекордтар кітабына енді. 1971 жылы оқу аяқтап, ауылына қайтуға жүгін жинап отырғанында, жатақханадағы бөлмесіне бір мұғалімі кіріп, жарының ауырып жатқанын, соған қан құю керектігін айтады. Ол Александр мырзаға жатақханада қалған студенттерді қан тапсыруға шақыруын сұрайды. Сол кезде барлық студенттің ішінен тек А.Скаковскийдің ғана қаны жарамды болып шығады. Өйткені ол жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен айналысып жүреді екен. Ол 1980 жылдан бастап тұрақты қан тапсырушы атанады. Әр апта сайын плазма тапсырып отырған. Қазіргі күнде оның жалпы тапсырған қан сыйымдылығы 530 литр екен. Сонда А.Скаковский Чернобыль фондына 20 реттен аса, 1988 жылы Армениядағы жер сілкінісінен жапа шеккендерге 50 реттен аса қан тапсырған. Ал өз елімізде Семей полигонынан ауырған адамдарға 500 реттей донор болыпты. Әрине, ақысыз!

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары