#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Алматыда жұмыссыздар IT мамандықтарды игеріп жатыр

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы жұмыссыздар мен жастарды IT мамандықтарына оқыта бастады.

Алматыда сондай орталықтардың бірі ашылды. Өз білімі мен дағдыларын жетілдіргісі келген азаматтар кодтаушы, электронды есептегіш машинаның операторы сынды мамандықты меңгеріп шығады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған орталықта алғашқы кезекте 20 адам білім алады. Ал жыл соңына дейін 100 адам ақпараттық технологиялардың қыр-сырын үйренеді. Үш айлық курста сабақтарды әскери роботты техника жасаумен айналысатын қазақстандық компанияның қызметкерлері жүргізеді. Білім алу тегін.

- Бүгінгі таңда нарықта ақпараттық технологияларды меңгерген адамдарға сұраныс көп. Кез келген компанияға жүйе әкімшісі, бағдарламашы, дизайнер секілді мамандар қажет. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы осындай мамандықтарды қолжетімді етіп отыр, - дейді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Конкуров.

Айта кетейік, ғалымдар ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы жоғары мамандықтардың тізімін жасап шығарды. Бұл рейтингте бағдарламашылар, web-жасаушылар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар, мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша мамандар және бірнеше мамандықтар басты орыннан көрінді.

Ең көп сұранысқа ие болатын мамандық - web-жасаушы (Web developer). Ол ІТ-индустрияға қатысты басқа мамандықтар ішінен бірінші орын алды. Еңбек ақысы сәл аздау болғанымен web- жасаушылар қазірдің өзінде ІТ-еңбек нарығында көп сұранысқа ие.

Екінші орынға есептеу техникасы саласының сарапшы мамандары лайық болды. Олардың қызметіне деген сұраныс 21%-ға артады. Өйткені, миллондаған адамдар компьютерді пайдаланып, бағдарламалар жасап жатқан кезде туындаған қиындықтарды түзететін мамандар ауадай қажет болады.

Үшінші орынға  ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы (Information Security Analyst) тұрақтады. Одан ары қарай, бағдарламалық қамтамасыз етуші, бағдарламашылар (Software Engineer), мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша маман (Data Scientist), жүйелік әкімші (Network and computer systems administrator) саласы тізімді жалғастырды. Бұл тізімге қарап, әлі де ІТ мамандықтарға деген сұраныстың артатынын байқауға болады.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары