Қазақ қызы пәк қалпында тұрмысқа шыққаннан гөрі, арын сатып ауқатты өмір сүргенді жөн санайды.
18 жастағы Айнұрдың құлай сүйген адамы үйленген болып шыққан. Жігіттерден көңілі қалған бойжеткен пәктігін саудаламақ. Айтуынша, қазіргі жігіттер қыздарды мүлде бағаламайды.
«Жігіттер пәк болып келген әйелін ұрып-соғып ертең-ақ қуып жіберуі мүмкін. Олар қыздарды бағаламайды. Қыздардың пәктігін сатуына жігіттер кінәлі», – дейді бойжеткен.
Айнұр пәктігін 20 мың долларға бағалап отыр. Елімізде ол ғана емес, 20 жасқа дейінгі қыздар арасында пәктігін саудалап жүрген қыздар саны көбейіп барады.
Ал, пәктігін қалпына келтіруші қыздардың саны соңғы 5 жылда екі есеге артқан. Былтыр 50 мың бойжеткен гименопластикаға жүгініп, қыздығын қалпына келтірген.
Дереккөз: Stan.kz