$ 494.87  520.65  4.91

Баянауылда 9 жасар бала таудан құлап кетті

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде таудан құлап кеткен бала санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді деп жазады Қазақпарат.

Демалыста зардап шеккен баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтып берді.

«Бала санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ол комада жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Омыртқасына зақым келмеген. Қазіргі таңда компьютерлік томографиядан өтуде», - деді ведомстводан.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тоғыз жасар бала құлап кеткенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

«Аса жоғары биіктіктен құламаған, төменгі құлаған жерде тастар болған. Ұл бала ата-анасынан бұрын алға қарай жүгіріп кетіп, жоғары көтерілген кезде тепе-теңдікті ұстай алмаған. Дәл қай жерде құлағанын білмеймін. Сол жерде болған жігіт көмектеспек болып баланы көтерген. Мұндай жағдайда олай әрекет етуге мүлдем болмайды», - деген болатын  туризм бойынша нұсқаушы Марина Каримова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары