$ 448.56  478.03  4.79

Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Бүгін,  Астанада жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус өртке оранды.  Бұл туралы 23 шілдеде таңғы сағат 09.28 кезінде Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды елордалық ТЖД-інің баспасөз қызметінен. 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде №109 автобус өртеніп жатты. Жолаушылар өрт сөндірушілер келгенше автобустан шығып үлгерген», делінген хабарламада.

Алғашқы өрт бөлімшесі оқиға орнына 4 минуттан кейін келді. Қазір олар сол жерде жұмыстар жүргізуде.
Жалынды ауыздықтауға 2 техника, жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары