$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облыстында бірнеше үйді су басты

Ақмола облысының Еңбекшілдер және Бурабай аудандары аумағында толасыз жауған жаңбырдан бірнеше тұрғын үй мен үй ауласын су алып, тұрғындарды біраз әбігерге салды, деп хабарлайды аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Еңбекшілдер ауданының Үлгі ауылында 15 үйдің ауласын су басып қалса, Бурабай ауданындағы Мәдениет ауылында 5 үй суда қалды.

Аталған елді мекендердегі үйлердің маңын судан тазарту жұмыстарына Еңбекшілдер ауданындағы «Степняк Су» коммуналдық кәсіпорнының 1 техникасы мен жергілікті атқарушы органдардың 7 қызметкері және Бурабай аудандық ТЖБ 10 қызметкері мен 15 жергілікті тұрғын жұмылдырылды.

Қазіргі кезде аталған тұрғын үйлер мен үй аулалары толықтай судан тазартылды.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары