$ 494.87  520.65  4.91

Мешіттерде ұрлық тиылмай тұр

Павлодар қаласындағы мешіттерде соңғы екі айда ұрлау фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айбек Оралхан хабарлады. - Жуырда орталық мешітте намаз өткізетін имамның радиомикрофоны жоғалып кеткен. Бейнебақылау арқылы құралды жас азамат қолды еткенін байқадық. Бейнематериал полиция қызметкерлеріне берілді, алайда ұрлықшы табылған жоқ. Ал мешіт жамағатының аяқ киім, күртешелерінің жоғалуы таңсық дүние емес, - дейді А. Оралхан. Сұхбаттасушының айтуынша, осыдан біраз уақыт бұрын Мәшһүр Жүсіп мешітінің азаншысы Рүстем есімді азаматтың ұялы телефоны жоғалған. Бірнеше күннен соң мешіттің басқа бір қызметкері «Жәрмеңке» сауда орталығында жүргенде, оған бейтаныс жігіт ұялы телефонды сатып алуға ұсыныс жасаған. Бір қызығы, байланыс құралы азаншынікі болып шықты. Ұялы телефонды діни қызметкер 3 000 теңгеге сатып алды, дегенмен полицияға шағымданған жоқ. Осылайша, Алла разылығы үшін кешірім жасап, мешіт шәкірттеріне үлгі көрсетті. Айта кетерлігі, облыс орталығындағы «Ғазиз» мешітінде де біраз күн бұрын бір адамның аяқ киімі мен күртешесі ұрланған. Ал 1 Май көшесіндегі Бижан мешітінде 25 мың теңгелік фотоаппарат жоғалған. - Ұрлық жасаған азаматтарға көп жағдайда арыз жазбаймыз. Себебі мешіт рухани орда болғандықтан, қайырымдылық жасап, кешіреміз, - дейді Айбек Оралхан.



 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары