Салтанатты көпшілік танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаевтың бағдарламалары арқылы таниды. Журналиске берген сұхбатында бойжеткен «Әкімнің тоқалы болғым келеді» деп өзіне көмектесуін сұраған. Тіпті, арада біраз уақыт өткенде «Сені модель қыламын» деген уәдең қайда?» деп Сапарбаевты балағаттап, дымын қоймап еді. Енді әкімнің болашақ тоқалы өзін сынағандарға соқтығып отыр.
Салтанат 30 жасқа келмесе де өзін кәрі сезінеді. Басқалары сияқты өзімді түсінетін еркек деп емес, ақшасы көп адам керек деп шарқұрып жүр.
«Әкім үшін сендер жауап бермей-ақ қойыңдаршы. Олар өздері біледі кімді алатынын. Мен көрген нәрсені сендер көрмедіңдер.
Мен де Дубайға барып, боянып жүргім келеді ақша шашып. Солар шетелге қаржыны аямай жіберіп жатыр ғой. Одан да маған берсін. Сауап болады.
Егер әкім маған қараса 1 секундта-ақ «сынып» қалады», - деп балағат сөздерін араластырып жауап берді бойжеткен.
Айта кетейік, Салтанат жақында ғана «Ойбай Life» жобасына кеп, іздеген әкімін әлі таппағанын айтқан.