$ 443.44  480.51  4.88

Тіркемесі өртке оранған трактордың тоқтамастан жүріп бара жатқан видеосы желіде жүр (ВИДЕО)

Өртке оранған трактордың тоқтамастан көше бойында жүріп бара жатқандағы видеосы желіге тарап кетті. Жүйткіген тракторды куәгерлердің бірі телефон камерасына түсіріп алған.

Бұл оқиға Қазақстанның қай өңірінде болғаны белгісіз. Трактордың тіркемесі қызыл жалынға оранғаны анық көрінеді. Оттың лаулап жануына қарағанда жүргізуші трактор артына шөп тиген болу керек.

Желі қолданушылары тіркемесі жанған трактордың ішінде жүргізушісі жоқ екенін жазған. Ал өзгелері болса, трактор жүргізушісі артында болып жатқан өртті мүлдем байқамағанын айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары