$ 494.87  520.65  4.91

1 миллионнан астам қазақстандық индустрияландыру саласында қызмет етіп жүр

Индустрияландыру саласында қызмет етіп жатқан қазақстандықтардың саны 1 млн-нан асты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Шавкат Өтемісов айтты. 

«Бүгiнгi таңда жаңадан құрылған 10 кәсiпорынның 9-ы Индустрияландыру картасы аясында пайда болған. Индустрияландыру саласында қызмет етіп жатқан қазақстандықтардың саны 1 миллионнан асты. Өңдеу өнеркәсiбiндегi өнiмдiлiк 1,5 есеге артты және оның құрылымы өзгерiп, машинажасау өнеркәсiбi, темiржол, тікұшақ жасау, күн және жел энергиясы сияқты жаңа бағыттар пайда болды. Машинажасау саласына тоқталар болсақ, көлiк құрылысы өнiмдерiнiң өндiрiсi 2013 жылы 854 млрд теңгенi құраса, 2014 жылы бұл көрсеткiш 870 млрд теңгеге жеттi», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, индустрияландыру бағдарламасының алдында тұрған басты мақсат - ел экономикасын шикiзатқа тәуелдiлiктен құтқару. 

«Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, шикiзаттық емес экспорт 16%-ға немесе 11,3 млрд АҚШ долларына артты. Бұл осы бесжылдықта бiздiң қолымыз жеттi деп айта алатын көрсеткіштердiң бiрi. Енді алдымызда 2015-2019 жылдарға арналған жаңа бағдарлама бекітілді», - деп қорытты Ш.Өтемiсов.

Естеріңізге сала кетейік, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығы аяқталған болатын. Енді екінші бесжылдықты басталды.

Жалпы, бұл бағдарлама қазіргі таңда ел экономикасының өзегі болып отырғанын айрықша атап өткен жөн. Дамудың дара даңғылына айналған бұл стратегия аясында біздің ел қаншама жетістікке қол жеткізіп, ол бүгінгідей беймаза кезеңде әлемдік экономикалық қауіптердің әсерін соншалықты сезін­беуге септігін тигізіп отыр.

Айталық, ҮИИДБ шеңберінде 2010-2014 жылдар аралығында 75 мың тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 770 жоба іске қосылды. Пайдалануға берілген жобалардың 80 пайызы жоспарлы қуаттылыққа шықты. Оның 56 пайызы 100 пайыздық жүктемемен жұмыс істей­ді екен. Сондай-ақ, жаңа кәсіп­орындар 4 трлн. теңгеге өнім шығарып, оның 628 млрд. теңге­дегі өнімін экспорттады.

Бұдан өзге өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көле­мінен картаға енгізіл­ген жоба­лар есебінен 12,4 пайыз өнді­рілген, яғни, 594,3 млрд. теңге­ден 4,8 трлн. теңгеге дейін болып отыр. Бас­тысы, индустрия­ландыру карта­сының жаңа өнді­рістерінде Қазақстанда бұрын-соңды өндірілмеген жаңа өнімдер шығарылған. Өткен жылдың соңында осы бағ­дарламаны қорытындылаған теле­көпірде Елбасы: «Іздеген сайын табылып, игерген сайын көбейе беретін бір ғана қазына – бұл индустрия мен инновация» деген еді. Мемлекет басшысы бұл ретте ғылымды өндіріспен ұш­тастырып, инновацияға ие болудың маңыздылығына тоқталған. Шын­дығында, бұл бағдарлама аты айтып тұрғандай, ел экономикасын индустриялық-инновациялық же­тістіктерге жетеледі. Индус­т­рия­лық-инновациялық сектор зор көрсеткіштерге қол жеткізді.

Иә, бес жыл ішінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады. Тау-кен өн­діру саласының ІЖӨ-дегі үлесі 16,5 пайызға азайды. 5 жылда бұған дейін Қазақстанда өнді­ріл­меген, мүлде жаңа 400 өнім түрі игерілді. Өңдеуші сектор Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салын­ған барлық шетелдік инвести­ция­ның 70 пайызын дерлік бірін­ші бесжылдықта алды. Жұмыс­шылары жоғары білікті, еңбек­ақы­сы лайықты, мүлде жаңа дең­гейдегі тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақ­стандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады. Өңдеуші өнеркәсіптегі ең­бек өнім­ділігі 60 пайызға артты, әрбір жұмысшы жыл сайын орташа алғанда 20 мың доллардан артық өнім шығаратын болды. Экономиканың энергия қамтымдылығы осы жылдар ішінде 19 пайызға жуық төмендеді. Экономиканың машина жасау, мұнай өңдеу, электр энергетикасы секілді жаңа ірі салалары пайда болды. Қазақстанға әлемнің ірі индустриялық алпауыттары – Airbus, General Electric, Alstom, Eurocopter, Toyota, Ssang Yong, LG және басқа­ла­ры келді. Қазақстанның тита­ны қазір­дің өзінде еуропалық Airbus авиа­құрастырушы концерні сұраны­сының 15 пайызын өтеп отыр. Индустрияландыру аясында ин­фрақұрылым базасы кеңейді, 4 мың шақырымнан астам автожолдар, 1700 шақырым теміржолдар салынып, жаңғыртылған.

Соңғы бірнеше жыл ішінде әлемнің ешбір елінде тура осындай ұзын көлік күрежолдары салынбаған екен. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында машина жасау саласында теміржол вагондарын шығару 10 есеге, дизельдік локомотивтер 2,5 есеге артқан. Осы бес жыл ішінде отандық автоөндірісте жеңіл автокөлік шығару 12 есеге, тракторлар 6 есеге көбейген. Ал мұнай қондырғыларын шығару бұған дейінгі көрсеткіштен 3 есеге өскен. Сонымен қатар, химиялық өнер­кәсіпте шығарылатын өнім­дер аталымы кеңейді. Индус­трияландырудың бесжылдығында отандық құрылыс материалдары 2 есеге артты. Қазір құрылыс материалдарының 80 пайызын өз еліміз шығарады. Цемент өндірісі екі есеге артып, 4 млн. тоннаға жетті. Фармацевтика саласы да қарқынды дамып отыр.

Осы уақыт ішінде медициналық, фармацевтикалық өнімдер түрі 500 бірлікке артты. Ал шығарылатын өнімдер үш есеге көбейді. Ауыл шаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келе жатыр. Мәселен, агроқұрылымда 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50 пайыз­ға артқан. Ал өнеркәсіп жылы­жайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен. Бүгін­гі күні қаражат салып, ауыл шаруа­шы­лығының өнімін өндіруді қолдау арқасында біздің ішкі нарығымыз өзіміздің өніммен 80 пайызға дейін қамтамасыз етіліп отыр. Еліміз жаһандық экономика кезігіп отырған қиындықтарға қарамастан, 2015 жылға өсім­мен қадам басты. Енді, міне, индустриялық-инновациялық да­мудың екінші бесжылдығын жү­зеге асыру бас­талды. Осы бағ­дарлама негізінде 2020 жылға қарай жоғары технологиялық өнім үлесі ІЖӨ-нің 1,5 пайызынан 5 пайызына дейін өсуі тиіс.

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер секторы бүгінгі 8-ден 20 пайызға дейінгі өсімді қам­тамасыз етуі қажет, ең бастысы – ол жекеменшік сектордағы инновация­ны дамыту есебінен жасалғаны жөн. Өткен жылғы қорытынды телекөпірде Мемлекет басшысы Үкімет алдына осындай тапсырмалар жүктеген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев республикада жаңа өңдеуші кәсіпорындар құру қажеттігіне, оған шетелдік капиталдың қатыстырылу жайына тоқтала келе: «Сірә, бізге жаңа мұнай өңдеу зауытын және мұнай-газ саласының бірнеше ірі кәсіпорнын салу қажет болар. Қымбатқа түсетіндігіне қарамастан, олар химия өнімінің барлық бағытын қамтып, газдан дәрі-дәрмекке, киімнен полиэтиленге дейінгінің бәрін шығарады.

Сондай-ақ, Қазақстанда бүкіл әлемге қажет кабель өнімінің толық циклін қамтитын жаңа мыс қорыту комбинатын салуға тырысу керек. Жалпы алғанда, шаруа көп, ­индустрия осы жолмен жүруге тиіс. Үкімет алдына қоятын міндетім – жаңа 5 өңдеу зауытын салу үшін Қазақстанға ең кемі 5 ірі трансұлттық корпорацияны тар­ту», деді.

Қазақстан Президенті сондай-ақ, бүгінде жалпыұлттық және жергілікті деңгейде нақты инфра­құрылымдық даму нысандары айқындалып, тиісті қаражат бөлін­генін айтқан. «Әрбір жауапты министр мен вице-премьердің, аумақ әкімінің, мердігер компания басшысының жұмыс күні құрылыс жұмыстарының және қаражатты тиімді пайдаланудың инспекциясын жасаудан басталуы тиіс. Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі барлық кеңестерді шенеуніктердің жылы кабинетінде емес, құрылыс алаңдарында өткізу қажет. Тек сонда ғана нәтиже болады және қазақстандықтардың билікке сенімі артады», – деген Елбасы Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжыл­дығында да ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын қадап айтқан. Ендеше, бірінші бесжылдықта жемісін берген бағдарлама келесі бесжылдықта да еселене түсеріне сенім зор.

Ал Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 стансасында «Стансаның қуаттарын жаңар­ту және көбейту» жобасы мен ҮИИД мемле­кеттік бағдарламасы бойынша №2 энергоблокты қал­пына келтіру жұмыстары аяқта­лып келеді. №2 энергоблок іске қосылған соң, Екібастұз ГРЭС-1 стансасының қуаты 3500 МВт-қа жетті. Енді еліміздің біртұтас энергия жүйесінде энергия­мен жабдықтаудың үлесі артады. Өйткені, қуаты 500 МВт бола­тын №2 энергоблок жалпы желіге қо­сылды. Станса баспасөз қызме­ті­нің хабарына қарағанда, стан­са­дағы №2 энергоблогын жаңғыр­ту бағдарламасы алдағы уақыт­тарда қазандық және турбина жабдық­тарын қалпына келтіруді, электр жабдықтарын және заманауи автоматты бақы­лау құрылғыларын орнату­ды, сондай-ақ, «Альстом Пауэр Ставан» ЖАҚ өндірісінің электр сүзгіштерін қосуға жол ашады. Жобаның құны – 61,5 млрд. теңге. Бұл жұмыстар 2011 жылы 10 мердігерлік ұйымның қатысуы­мен басталды. Жыл сайын 500-ден астам уақытша жұмыс орны ашылды. Сөйтіп, станса ұжы­мы Мемлекет басшысының электр-энергетикалық инфра­құ­рылымды дамыту және экономи­каның орнық­ты дамуы мақ­са­тында жаңа өнеркәсіп нысан­да­р­ын электр энергиясымен қам­та­ма­­сыз ету жөніндегі тапсырмала­­­рын ойдағыдай орындауда.

 – №2 энергоблокты жұмысқа қосу стансада өндірілетін электр энер­­гиясы өндірісін ұлғайтуға мүм­кін­дік береді, – дейді Болат Нұр­жа­нов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС бас директоры Рыс­қ­ан Сы­­банбаев. Сонымен бірге, «Екібас­­тұз ГРЭС-1 қуаттарын жаңар­­ту және кеңейту» жобасы аясын­да №1 энерго­блокты да жаңғыр­туды 2017 жылы аяқтау жоспар­лануда. Ал, бұл жоба стан­саның жобалық қуатта­рын 4000 МВт-қа ұлғайтуға мүмкін­дік береді.

Айта кетейік, Тәуелсіздік  сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір өткен болатын. Онда дәстүрге сай еліміздің әр өңірінде Елбасының өзі тұсауын кескен жаңа кәсіпорындар өз жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, Айтулы оқиғаға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, бизнес қауым­дастықтың өкілдері қатысты.

Биылғы жылы байқауға және респуб­ликалық байқау-көрмесіне қатысу талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол Жарлыққа Мемлекет басшысы 23 маусымда қол қойған еді. Осы­ған дейін байқау екі аталым, яғни шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша өткізілген болатын. Енді Елбасы Жар­лығына сәйкес, байқау үш санат бойынша өткізілді. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіп­керлік субъектісі, ірі кәсіп­керлік субъек­тісі жеке-жеке но­ми­нациялар бойынша байқауға қатысты. Мұнымен бірге, мем­лекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан аумағында тауар өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да «Алтын сапа» байқауына ат қосты. Мұны тәптіштеп айтып отыруымыздың себебі, бұл игі шара жеке кәсіпкерлерге бәсекеге түсіп, бақ сынау бағытында үлкен мүмкіндіктер беруде. Мұнымен бірге, бизнесмендер «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқау көрмесінің де дипломанты атанады.

Биылғы жылы Елбасының сапа жө­ніндегі «Алтын сапа» жүлдесін анық­тайтын байқауда 293 компания бақ сы­на­ған еді. Олардың негізгі бөлігін орта кәсіпкерлік субъектілері – 127 кәсіпорын, шағын кәсіпорын субъектілері – 101 кәсіпорын және ірі кәсіпорын субъектілері – 65 кәсіпорын құрады.

Ал «Парыз» байқауы Елбасының 2008 жылғы 23 қаңтардағы Жарлы­ғы­мен «Парыз» бизнестің әлеумет­тік жауапкершілігі конкурсы жария­ла­н­ған­дығын барлығымыз білеміз. Биылғы жылы республикамыздың барлық өңірлерінен кон­курсқа қатысуға 584 кәсіпорын өтінім берген. Конкурс өткізіле бастағаннан бері 2,5 мың шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындары қатысқан.

Субъектілердің басым саны «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша болып отыр. Осы номинацияға 261 кәсіпорын өтінім берген. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» жаңа номинациясына 98 кәсіпорын қатысқан. «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына 114 кәсіпорын өтінім берсе, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 111 өтінім түсіпті. Сонымен қатар, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне тоқталар болсақ, оған 153 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Байқау нәтижесіне сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациялары және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша тағайындалды. Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ дәрежелі үш дипломанттан болды. Байқауда бірінші болып «Парыз» сыйлығының 24 алтын, күміс, қола жүлдегерлері марапатталды. Оларды салтанатты түрде Энергетика министрі Владимир Школьник пен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әділғазы Құсайынов табыстады. «Парыз» сыйлығы «Әлеуметтік жауапкершілігі үздік кәсіпорын», «Еңбекті қорғау бойынша үздік кәсіпорын», «Ұжымдық келісімшарт үздігі» және «Экологияға еңбек сіңіргені үшін» деген 4 бірдей номинация бойынша марапатталды. Ал «Қазақстанның үздік тауарлары» бай­қауында 9 сыйлық берілді. Олар «Өндіріске арналған үздік тауар», «Ха­лыққа арналған үздік тауар» және «Саудадағы үздік тауар» номинациялары бойынша тапсырылды.

«Алтын сапа» байқауы бойынша да 9 сыйлық бар екен. Онда «Өндіріске үздік өнім дайындау­шы кәсіпорын», «Халыққа үздік өнім шығарушы кәсіпорын», «Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын» номинация­лары бойынша тапсырылды. Шарада Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық бай­қауы­ның жеңімпаздарына алтын мүсіншелерін тапсырды. Сонымен, байқауда «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында бірінші орынды Қостанай облысындағы «Варваринское» АҚ иеленді.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері Шығыс Қазақстандағы «Азия Авто» АҚ топ жарды. Сондай-ақ, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында Үкімет басшысы бірінші орынды «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-қа табыс етті.

Тәуелсіздік сарайында Индус­трия­ландыру күні аясында жалпыұлттық теле­көпір барысында Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың қатысуымен жаңа жоба­лар­ды іске қосу басталды. Осы шара бары­сында еліміздің индустриялық саяса­тының алғашқы бесжылдығының нәтижелері алдын ала қорытындыланды. Мұнымен бірге, Индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы іске қосылып, өңірлердегі бұған дейін пайдалануға берілген өндірістердің қалай жұмыс істеп тұрғандығы көрсетіледі. Үкімет жылына екі рет жарты жыл­дықтардың қорытындылары бойынша Телекөпір түрінде ҮИИДБ шеңберінде атқарылған жұмыстарға есеп береді. Биылғы жылы индустриялық саясаттың алғашқы бесжылдығы аяқталады.

Сон­дықтан желтоқсандағы Телекөпір тек Индустрияландыру картасының 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы инвестициялық жобаларының пайдалануға берілген тұсаукесерлеріне ғана емес, сонымен қатар, бесжылдықтың алдын ала қорытындыларына да арналды. Жалпы, биылғы екінші жартыжылдықта іске қосылып отырған 15 жобаны қоса есептегенде, ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы бойынша 150 жаңа жоба іске асырылды.

Телекөпірде Мемлекет басшысы Нұр­­сұлтан Назарбаев «Посук Тита­ниум» ЖШС-нің титан құймалары мен балқы­маларын өндіретін зауытын іске қос­ты. «Сіздің қолдауыңыздың арқасында Оң­түстік Корея кәсіпорнымен бірлесе отырып Шығыс Қазақстанның орталығы – Өскемен қаласында осы жобаны іске қос­тық. Біз жылына 6 мың тонна өнім шыға­рамыз. Біздің өнім өнеркәсіптің барлық бағытында пайдаланылатын болады», деді зауыт директоры Валерий Сычев.

Сөйтіп, Елбасынан кәсіпорынды іске қосу үшін рұқсат сұрады. «Сіздердің кәсіпорындарыңыз үшін ғана емес, Қазақстан үшін маңызды жоба іске қосы­лып отыр. Бұл – ең озық өнім. Зауыт үлкен. Болашағы бар. Сіздерді құттықтаймын және жеміс тілеймін. Титан өндіру – Қазақстан үшін жаңадан қолға алынып жатқан жобалардың бірі. Өскемендіктерді құттықтаймын, кәсіпорынның қосылуына рұқсат бере­мін», деді Мемлекет басшысы. Келесі кезекте Қарағанды об­лы­сындағы «Алтыналмас» АҚ-тың алтын өндіру фаб­рикасы іске қосылды. «Кен қазудан бастап алтын құймаларын жасап шығаратын жобамызды іске қосып отырмыз. Біз зауытты кеннен барынша мол алтын алатын ең озық технологияны пайдалана отырып салдық. Әзірленген өнімді Астанадағы аффинаж зауытына жіберетін боламыз. Зауытымыз толық қуаттылыққа шыққан кезде жылына 3 тонна алтын өндіреді. Осылайша, еліміздің металл қорын толтырамыз. Жаңа өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз», деді зауыт басшылығы. «Жаңа өндірісті қосуға рұқсат етемін. Бүкіл ұжымды құттықтаймын! Жеміс тілеймін!» – деген Елбасы «Алтыналмас» алтын фабрикасын іске қосуға болатынын айтты. Игі шарада Ақтөбе рельс арқалығы зауытының да тұсауы кесілді. Мемлекет басшысымен «онлайн» режім арқылы тікелей байланысқа шыққан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов: «Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «Қазақстан темір жолы» компаниясы жеке инвесторлармен бірге зауыт құрылысын аяқтап, бүгін жылыту пешін іске қосуға дайынбыз. Жобаның қуаттылығы жылына 430 мың тонна металл өндірісін құрайды.

Зауыт металл илектері мен ұзындығы 120 метр­ге дейін және жоғары жылдамдықтағы магистральдарға арналған рельстер шығаратын болады. Бұл өнім «Қазақстан темір жолы» компаниясының қажеттігін толық қамтамасыз етеді және экспорттауға мүмкіндік береді. Ендігі жерде Сізге жобаның жүзеге асырылуына қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіре отырып, өндірісті іске қосуға рұқсат беруіңізді сұраймыз», деді.

Айта кетейік, зауыт толық қуатында жұмыс істеген жағдайда 760-қа жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады. «Зауыттарыңызда болғанмын, көргенмін. Бұл – Қазақстандағы тұңғыш рельс шығаратын зауыт. Өте қажет. Қан­ша шақырым жол салып жатырмыз. Құт­тықтаймын. Зауыттың іске қосылуына рұқсат етемін», деді Президент. Орал трансформатор зауыты іске қо­сылды. Зауытта трансформаторлар мен жо­ғары вольті пештер, электр­техникалық өнімдер өндірілетін болады. «Орал трансформатор зауыты» ЖШС құрылтайшысы Сайдулла Қожа­баевтың сөзіне қарағанда, кәсіп­орынның өндірістік қуаты электр­тех­никалық өнімдердің көптеген түрін шығаруға мүмкіндік береді. «Осы орайда электровоздарды құрастыру үшін қозғалт­қыш трансформаторларын өндіру айрық­ша маңызға ие. Шығарылған өнімдердің 90 пайызын Ресейге экспорттаймыз», деді ол.

«Шағын және орта бизнеске жұмсалып жатқан мемлекеттік шығындардың мұндай жақсы нәтижелер беріп отырғаны өте маңызды. Бүгінгі күні трансформаторлар да бізге өте қажет. Сіздерді құттықтаймын! Ұжымдарыңызға сәттілік пен мықты денсаулық тілеймін», деген Мемлекет басшысы зауыттың тұсауын кесті.

Астананың алып кәсіпорындары  Елордада сыйымдылығы 40 мың паллетоорындық қойма кешені пайдалануға берілді. «Қуаты 40 мың паллетоорындық қойма кешенін пайдалануға беру Қазақстанға халықаралық компанияларды тартуға, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ЭКСПО-2017 көрмесі қатысушыларының жүктерін орналастыру проблемасын шешуге мүмкіндік береді. «А» санатты қойма кешені нарықтың жоғары сапалы қойма қызметтері қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылды. Құрметті Президент, жобаны іске қосуға рұқсат беруіңізді сұраймын», деді «Астық логистик» ЖШС-нің бас директоры Игорь Переверзев. Өз кезегінде Елбасы қойманы пайдалануға рұқсат берді.

Астана индустриялық паркіндегі Ұлттық компания іргетасын қалаған теміржол машина жасау саласының жарқын дәлелі ретіндегі локомотив құрастыру зауытынан тікелей байланысқа қосылған ҚТЖ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров экспорттық әлеует қарқыны жайлы әңгімелеп, бүгінгі ахуалға қанықтырды. «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағында, Сіздің нұсқауыңызбен, Қазақстан темір жолы General Electric, Alstom, Talgo тәрізді әлемдік теміржол машинасын жасау көшбасшыларымен бірлесе, тепловоз, электровоз және жолаушылар вагондары өндірістеріне өмір сыйлады. Қазіргі кезде 280 млрд. теңгеге 306 жолаушы вагоны, 290 тепловоз бен 26 электровоз жасалды. Шойынжол техникасының жоғары технологиялығы мен инновациялығы экспорттық жеткізулерді ширатты. Отандық тауар өндірушілер ортақ іске кірістіріліп, локализация деңгейі 35 пайызды құрады. Елімізде толыққанды теміржол машинасын жасау саласы дүниеге келді деп мақтанышпен айтуға болады, деген ол «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты бұл мақсатты одан әрі гүлдендіруге ықпал ететінін айтты. Осы жерде биыл соны саланың тырнақалды туындысы сынды локомотив құрастыру зауытына 5 жыл болғанын еске салғанымыз абзал болар. Кейінгі кездердегі жағымды жаңалық, 110 жолау­шы тепловозын жинауға керек қосалқы бөлшектерді жеткізу жайлы уағдаластыққа қол қойылған. Бұл дегеніңіз, аталмыш тартым құралы шойын жолда жүйткігенде, пойыздардың жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін артып, өнімді жерсіндірудің өзекті мәселелері шешімін таппақ.

«Туысқан» магистральдық жүк тепловозы түрі сияқты, бұл да экологиялық тазалығымен, отынды аз жұмсауымен, пайдаланым жұмыстарына қолайлылығымен ерекшеленбек. Келер 2015 жылы болса, зауыттықтар тиімділігі теңдессіз әрі соңғы үлгідегі, техникалық және өзге де көрсеткіштері заманауи сипаттағы маневрлік тұлпарлардың өндірісіне де ден қоймақ. Қазіргі кезде келешек өнім үлгісінің кейбір тұстарын еліміздегі жүк жөнелтуші және тасымалдаушы компаниялардың басшылары мен техникалық мамандары талқыға салуда екен. Себебі, бұлар – ертеңгі сатып алушылар, иық сүйер әріптестер. «Эволюшн» машинасының «жүрегі» делінетін «GEVO» дизельдік қозғалтқышы зауыты құрылысы бар… «Біз ин­дустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасының бірінші бес­жыл­дығын аяқтап отырмыз.

Оның бас­тапқы нәтижелері бүгінгі күні жоғары өнімнің жетістіктерін бере бастады. Іске қосқандарымыз қазірдің өзінде ел бюджетіне триллиондаған теңгенің өнімдерін қайтарып беріп жатыр. Құрылған жұмыс орындары ел игілігіне қызмет етуде. Мұның бәрі елдің еңбегімен, бизнестегі «командирлердің» жігерімен, осыған жағдай жасап жатқан барлық атқарушы билік өкілдерінің қызметімен жүзеге асып жатыр. Бесжылдық нәти­же­сінде біз экономикамыздың құрылы­мын өзгертуде маңызды қадам жаса­дық. Шындығында, экономиканы әрта­раптандыру сөзбен емес, іспен шешіледі. Біз өңдеуші өнеркәсіптің өсім қарқыны дәстүрлі өндіру саласынан асатын деңгейге тұңғыш рет қол жеткізіп отырмыз» – деген Мемлекет басшысы теміржол көлігіне қатысты вагон, локомотив өндірісіндегі өсімге тоқталып, жемісті талпыныстың айқын дәлелінің бірі ретінде «Тұлпар-Тальго» вагондарымен діттеген жерге жету екі есеге жылдамдағанын айтты.

Өндіріс – өмір өзегі Телекөпірдің соңында Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөй­леді. Президент алдымен телекөпірге қа­тысушыларды Индустрияландыру бағ­дар­ламасының алғашқы бесжылдықтағы жетістіктерімен құттықтап, шараның ел үшін, ел экономикасы үшін айрықша маңыз­дылығын атап өтті. «Өткен бес жыл ішіндегі индустрия­ландырудың сипаты бәрімізге айқын. Біз әруақытта Қазақстан бай, жер қойнауында темір де, көмір де, мұнай да, газ да, алтын, күміс, мырыш та бар деп жүрдік. Алайда, сол байлықтың барлығын шикізат ретінде басқа елдерге тасымалдап, қызығын сол елдер көріп жатты. Неше жылдардан бері мен осыны айтып келдім, ал қазір біз сыртта жасап жатқан байлықты елімізге әкелуге бет бұрдық. Бұл – Тәуелсіздікті жариялап қана қоймай, оны ұстап қалумен бірдей қиын шаруа. Себебі, бізде өндіріс болған жоқ. Басқа мемлекеттерде болды. Кеңес Одағының басқа республикаларында болды. Бүгінде біз осының орнын толтырып жатырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Елбасы мұндай шаруаның аса күрделі екенін, өйткені, жаңа технологиясын да, жақсы қондырғысын да шетелдіктер оңай бере салмайтынын тілге тиек етті. Оның бәрін өзіміз жасауымыз керек, табуымыз керек, еңбектенуіміз керек. «Дағдарыс заманында, қиын-қыстау кезеңде мұнай мен газ секілді басқа да сыртқа шығарып жатқан шикізатқа бағалар құлдырауда. Өздеріңіз көріп отырғандай, мұнайдың бағасы 120 доллардан 60 долларға түсті, газ да солай болатын болды.

Ал сол шикізаттың барлығын өз ішімізде өңдейтін болсақ, мұртымызды балта шаппас еді», – деді Президент. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл жұмыстың оңайға соқпайтынын баса айта отырып, көре білген адамға елімізде айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Әрине, елді сынау оңай, бірақ қазіргідей заманда қандай да бір жетістікке жетсек, оның артында үлкен қиыншылықтың, қажырлы еңбектің жатқанын бағалай білген жөн. Елбасының айтуынша, мұндай шаруаны Корея, Малайзия, Қытай секілді елдер 30-40 жыл ішінде жүзеге асырған. Ал олармен салыстырғанда Қазақстан мұндай нәтижелерге өте жоғары қарқынмен қол жеткізіп отыр.

Таусылмайтын қазына «Іздеген сайын табылып, игерген сайын көбейе беретін бір ғана қазына –бұл индустрия мен инновация», – деді Елбасы. Мемлекет басшысы бұл ретте ғылымды өндіріспен ұштастырып, инно­вацияға ие болудың маңыздылығына тоқталды. «Сонда ғана біз мақсатымызға жететін боламыз», – деді Нұрсұлтан На­зар­­баев. Сонымен қатар, Елбасы Үкі­мет ин­дустрияландырудың бірінші бес­жыл­­дығында барлық шараларды атқар­ғанын, алғышарттар толық қалыптас­қанын, Парламент тарапынан заңдар қабылданғанын да атап көрсетті. «Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығының нәтижелерін көріп отырсыздар. Қаншама мың жұмыс орындары ашылды.

Соның ішінде ол жұмыстар қандай? Мәселен, тепловоз құрас­тыратын еңбектің өнімділігі 100 мың доллар болса, кетпенмен жұмыс істей­тіннің өнімділігі – 5 доллар. Айырма­шылық, жалақысы қандай? Сондықтан да, біз жаңа ел боламыз, жаңа жұмыс орындарын ашамыз дегенде осы бағытты айтқан болатынбыз. Мұнымен қоса, шағын және орта бизнес ұлғаятын болады. Ал біз осы тұрғыдан бірінші қадамымызды жариялап отырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы бұл сөздеріне: «Мен бұған дейін айтқанымдай, дағдарыс аяқталған жоқ, жалғасу үстінде. Бұған бүгінгі күні Ресейдегі санкциялармен, Украинамен байланысты проблемалар қосылды.

Оған қоса, шикізат тауарларының әлемдік бағасының төмендеуі тағы бар. Осының бәрі біздің экспорттық тауарларымызға бағаның төмендеуін туғызып отыр», – дегенді де қосты.  «Алтын сапаға» қатысушылар алты есе өсті Елбасы индустрияландырудың бірінші бесжылдығының қорытындыларына тоқтала келе, кейбір тұстарда кемшіліктер де орын алғанын, дегенмен, ең бастысы – елімізде аса күрделі жұмысқа қадам жасалғанын айрықша атап өтті. «Біз инновациялық-индустриялық секторды тақыр жерден бастадық. Сол бүгінгі күні жоғары өнімнің жетістіктерін бере бастады. Біз бүгінгі күні іске қосқандарымыздың өзі ел бюджетіне триллиондаған теңгенің өнімдерін қайтарып беріп жатыр, құрылған жұмыс орындары ел игілігіне қызмет етуде.

Мәселен, бүгінгі «Парыз» сыйлығы конкурсанттарының өздері 150 млрд. теңгенің 440 әлеуметтік жобасын жүзеге асырды» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Индустриялық-инновациялық сектор үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Елбасының айтуынша, «Алтын сапа» сыйлығы тағайындалған 9 жылдың ішінде оның қатысушыларының жалпы саны 6 есеге артып, бастапқы 52-ден 300-ге жеткен. «Біз индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығын аяқтап отырмыз. Мұның бәрі елдің еңбегімен, бизнестегі «командирлердің» жігерімен, осыған жағдай жасап жатқан барлық атқарушы билік өкілдерімен жүзеге асып жатыр. Бесжылдық нәтижесінде біз экономикамыздың құрылымын өзгертуде маңызды қадам жасадық. Шындығында, экономиканы әртараптандыру сөзбен емес, іспен шешіледі. Бұл жеткен жетістіктердің барлығы еңбек адамдарының арқасында, олардың жұмыла жүріп атқарған жұмысының, ерен еңбектерінің нәтижесі. Біз өңдеуші өнеркәсіптің өсім қарқыны дәстүрлі өндіру саласынан асатын деңгейге тұңғыш рет қол жеткізіп отырмыз», – деді Елбасы.

Елбасы бұған қоса, тұтастай ал­ғанда, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жаһандық экономиканың алмағайып жағдайында дағдарысқа қарсы ден қоюдың теңдессіз тәжірибесін берді. Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы өзгерді, отандық экономикадағы дәстүрлі, қуатты металлургиялық, азық-түліктік өнеркәсібіне қосымша жаңа бағыттар ашылды, деді. 770-тен астам кәсіпорын іске қосылды Елбасының келтірген мәліметтеріне қарағанда, бес жыл ішінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады.

Тау-кен өндіру саласының ІЖӨ-дегі үлесі 16,5 пайызға азайды. 5 жылда бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлде жаңа 400 өнім түрі игерілді. Өңдеуші сектор Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70 пайызын дерлік бірінші бесжылдықта алды. Барлығы 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қосылды. Жұмысшылары жоғары білікті, еңбекақысы лайықты, мүлде жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады. Мемлекет басшысы өңдеуші өнер­кәсіптегі еңбек өнімділігі 60 пайызға артқанын, әрбір жұмысшы жыл сайын орташа алғанда 20 мың доллардан артық өнім шығаратынын да атап өтті. «Біз электр үнемдеу туралы ұдайы айтып келдік, ал экономиканың энергия қамтымдылығы осы жылдар ішінде 19 пайызға жуық төмендеді. Экономиканың машина жасау, мұнай өңдеу, электр энергетикасы секілді жаңа ірі салалары пайда болды. Қазақстанға әлемнің ірі индустриялық алпауыттары – Airbus, General Electric, Alstom, Eurocopter, Toyota, Ssang Yong, LG және басқалары келді. Қазақстанның титаны қазірдің өзінде еуропалық Airbus авиақұрастырушы концерні сұранысының 15 пайызын өтеуі – айтарлықтай көрсеткіш», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы индустрияландыру аясында ин­фра­құрылым базасы кеңейгенін, 4 мың шақырымнан астам автожолдар, 1700 шақырым теміржолдар салынып, жаңғыртылғанын жеткізді. Соңғы бірне­ше жыл ішінде әлемнің ешбір елінде тура осындай ұзын көлік күрежолдары салынбаған екен. Президенттің айтуынша, индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында машина жасау саласында теміржол вагондарын шығару 10 есеге, дизельдік локомотивтер 2,5 есеге артқан. Осы бес жыл ішінде отандық автоөндірісте жеңіл автокөлік шығару 12 есеге, тракторлар 6 есеге көбейген. Ал мұнай қондырғыларын шығару бұған дейінгі көрсеткіштен 3 есеге өскен. «Біз химиялық өнеркәсіпте шыға­рылатын өнімдер аталымын кеңейттік. Индустрияландырудың бесжылдығында отандық құрылыс материалдары 2 есеге артты. Қазір біз құрылыс мате­риал­дарының 80 пайызын өзіміз шығарып келеміз. Ал біз осы жұмысты қолға алғанда ол көрсеткіш бар-жоғы 15 пайыз ғана еді. Цемент өндірісі екі есеге артып, 4 млн. тоннаға жетті. Біз осындай өндіріс болғаннан кейін ғана «Нұрлы Жол» жаңа бағдарламасын айқындадық. Әйтпесе, онда айтылғандарды немен салатын едік?» – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы фармацевтика саласы да қарқынды дамып отырғанын жеткізді. Бұл ретте, Елбасы Қазақстанға 800 млн. долларға әлемнің әр түкпірінен дәрілер әкелінетіні туралы мәселе көтерілгенін еске салып, сол тұста дәрі-дәрмектің кемінде 50 пайызын мемлекетте өндіру тапсырмасы жүктелгеніне тоқталды. «Міне, осы уақыт ішінде медициналық, фармацевтикалық өнімдер түрі 500 бірлікке артты. Ал шығарылатын өнімдер үш есеге көбейді. Яғни, мен жүктеген тапсырма қазірдің өзінде 50 пайызға орындалып отыр, осыны жалғастыру керек», – деді Президент. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, агроқұрылымда 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50 пайызға артқан. Ал өнеркәсіп жылыжайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен. «Бүгінгі күні қаражат салып, ауыл шаруашылығының өнімін өндіруді қолдау арқасында біздің ішкі нарығымыз өзіміздің өніммен 80 пайызға дейін қамтамасыз етіліп отыр. Біз биылғы жылы мал шаруашылығы өнімдерін алғаш рет экспорттауды бастадық, оның көлемі 6 мың тоннаны құрады. Бүгінгі жағдайда бұл – аса маңызды көрсеткіш. Біз өзімізді азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз ете аламыз: етпен, сүтпен, нан өнімдерімен, бұйырса, жеміс-жидектермен де толық қамтимыз. Ең бастысы, бізде энергия тасымалдау, отын – бәрі бар. Өсімдік майын шетелден әкелетінбіз, қазір өзімізден шығады. Етті де сырттан таситынбыз, қазір өзіміз өндіріп жатырмыз. Бүгінде құс етін сатып аламыз, оны да жабуға болады. Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Өзіміз-ақ өмір сүре аламыз. Міне, бұл – біздің тәуелсіздігіміздің басты қағидаты. Осы негізгі көрсеткіштер бұдан әрі орнықтылана түссе, бізге еш алаңдаудың қажеті болмай қалады. Біз бұл дағдарысты да лайықты еңсереміз. Түйіндей айтсақ, бірінші кезекте тұтыну тауарларының барлығы елімізде толығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Отандық өнімдер өзімізде шы­ғарылып, өзімізде сатылса, біз импортқа да тәуелді болмаймыз, ал бұл дегеніңіз біз одан сайын тәуелсіз бола түсеміз деген сөз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Қа­зақстан экономикасы жаһандық дағдарыс жағдайында өзінің тиімділігін танытып отырғанын атап көрсетті. Жүргізіп келе жатқан саясаттың арқасында дағдарыстың ең қиын 2007-2009 жылдарында экономика өсімінің теріс көрсеткіштеріне жол берілмегеніне тоқталды. Сонымен қатар, қазір де күрделі кезеңдер алда келе жатқанын айта келе, бірлесе отырып, бұған да төтеп беретінімізге сенім білдірді. «Өткен дағдарыстардан айыға алмай жатып, тағы кезіккен жаһандық экономиканың мұндай күрделі жағ­дайында біз жаңа бағдарламалар ұсынуды жалғастыра беретін боламыз», – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев бірінші өнер­кәсіптік бесжылдықты табысты жүзеге асыру жаңа деңгейдегі міндеттерді шешуді қажет еткенін, соның барысында тәжірибе жинақталғанын айрықша атап өтті. «Бәрі бірдей іске асып жатпағанын да білемін. Өзім де министрлерді, әкімдерді, ұлттық компанияларды талай рет сынға алдым. Бірақ «жеңіл болады» деп те ешкім уәде берген жоқ. Әлемдік тәжірибе табыс­ты индустрияландыру белгілі бір уақыт алатын ауыр үрдіс екенін көрсетіп отыр. Бұл үшін жаңа кадрлар, жаңа мамандықтар қажет», – деді Мемлекет басшысы. Жұмыссыздықты жоюға жұмыламыз Мемлекет басшысының айтуынша, ХХІ ғасырдағы жүйелі проблемалардың бірі – жұмыссыздық мәселесінің өршуімен байланысты. Бұл негізінен халық санының артуынан орын алып отыр.

«Жер жүзінде 7 млрд. адам тұратынын білеміз, ал соның ішінде 15 жастан жоғары, жұмысқа қабілетті адамдар саны 5 млрд. адамды құрайды. Ал Жер бетінде ашылып жатқан тек 1,5 млрд. жұмыс орны бар. Ендеше, қалғаны уақытша жұмыс орындарында жүр немесе жұмыс іздеп жүр деген сөз. Бүкіл әлем қазір ең бірінші кезекте жұмыссыздықты жойғысы келеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Жер бетіндегі адамдардың басым көпшілігі лайықты жұмыстың, лайықты жалақының болуын тілейді екен», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте, Елбасы жақсы жұмыс миллиондаған адамдар өміріндегі әлеуметтік лифт болып табылатынын атап өтті. «Жаңа, өнімді жұмыс орындарын көбірек аша алған мемлекет қана жеңіске жетеді», – деді Елбасы осы орайда.

Сөз арасында Елбасы ірі кәсіпорындар жұмыс орындарын жиі қысқартуға мәжбүр болатынын, ал олар негізінен шағын және орта бизнесте құрылатынын айтқан болатын. Президент, бұл ретте, жаңадан ашылып жатқан ірі кәсіпорындарға тоқтала келе, мультипликативтік нәтиже болғанда жұмыс орындары ашылатынын жеткізді. «Мен ұдайы шағын және орта бизнес туралы айтып келемін. Жаһандық жұмыс орындары үшін күрес мәселесіне біз әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енуге үміткер ел ретінде жауап беруге тиіспіз. Өздеріңіз қараңыздар, Қазақстан экономикасының 6 пайыздық өсімін қамтамасыз ету үшін бізге жыл сайын шамамен 10 мың жұмыс орындарын құруға тура келеді. Осыны бәрі ұғынулары керек. Облыс орталықтарына барғанда онда менің портретім емес, сол өңірде жылына, айына, тоқсанына қанша жұмыс орындары ашылғаны туралы ақпарат ілінуі керек. Міне, мен осыны талап етемін. Бұқаралық ақпарат құралдары облыстарда қанша жұмыс орындары ашылғанын ұдайы көрсетіп тұратын болсын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы телеарна­лар­ға индустрияландыру тынысы да күн сайын көрсетілуі тиістігін атап өтті. «Жетістігін ғана емес, кемшіліктерін де көрсету керек. Мәселен, Қытайда телеарналар кәсіпорындар, нысандар жұмыстарындағы қарбаласты жиі көрсетеді. Біз мұны неге көрсетпейміз, бұлар – еліміздің мақтанышы. Өндірістің бәрі аспаннан келіп жатқан жоқ, бәрі адамдарымыздың қолымен жасалып жатыр. Бәріміз осыған жұмылайық», – деді Мемлекет басшысы.  Уақыт масылдықты көтермейді «Жаһандық дағдарыс кезеңі – масылдардың уақыты емес. Біз – еңбекшіл елміз. Біздің міндетіміз халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады.

Мен еңбегімен дараланған жұмысшылар мен шаруаларға ғана арналған, үш дәрежеден тұратын арнайы «Еңбек Даңқы» орденін тағайындауға шешім қабылдадым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте, Елбасы үш деңгейлі орденге ие болғандар «Еңбек Ері» атағымен теңесетінін жеткізді. «Бұл орден шаруаларға, еңбек адамдарына, жұмысшылар әулетіне берілетін болады. Өйткені, бәрі сонда қалыптасады, бәрі осындай ортада жасалады. Сондықтан да еңбек адамын көкке көтеру керек. Бүкіл әлем еңбек адамының, жұмысшының арқасында күн көреді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Президент еліміз­дегі өнертапқыштарға көңіл бөліп, инно­ва­циялық жобаларға айрықша мән беру керектігін баса айтты. «Бізде өзіміздің өнертапқыштар бар. Біз оларға енді ғана назар аударудамыз. Еліміздегі өнер­тапқыштарда жақсы жобалар бар. Мұның барлығы өндіріс деңгейіне шыққан кезде, біз оларға көңіл бөліп отыруымыз қажет.

Сондықтан да Үкімет қазірден бастап осы инноваторларды ынталандырудың жолын ойластыруы тиіс.

Осы орайда, жақсы инновацияларға, жүзеге асырылып, елеулі тиімділігін көрсеткендер үшін арнайы үлкен мемлекеттік сыйақы тағайындайық», – деді Президент. Мемлекет басшысы ел ішінде ғылым мен инновацияны дамытуға жаңа серпін беру керектігін, инноваторларды барынша ынталандыру қажет екендігін де қадап айтты. «Инноватор» сөзі барлығының аузында болуы тиіс. Атап айтқанда, инноватор ерекше ақылы бар айрықша адам екенін түсіну керек», – деп түйді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.  Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр Нұрсұлтан Назарбаев ең дамыған 30 елдің қатарына ұмтылушы мемлекет ретінде Қазақстанға әлеуметтік сын-қатерлерге төтеп беру керек болатынын жеткізді. «Қазақстан экономикасының өсімін 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету үшін жыл сайын шамамен 100 мың жұмыс орнын құру керек. Өңдеуші индус­трия жоғары кәсіби қызметтің 80 пайызын тұтынады. Индустриялық сектордағы бір жұмыс орны іс жүзінде қызмет көрсету секторындағы 3-тен 5-ке дейін жұмыс орнын құрады. Сол себепті, индустрияландыру бағдарламасы арқылы жыл сайын 30 мыңнан 50 мыңға дейін сапалы жұмыс орны құрылуы тиіс. Сонымен қатар, экономикалық өсім дегеніміз – жұмыс орындарының өнімділігін көтеру», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің атап өт­ке­ніндей, еліміз жаһандық экономика кезігіп отырған қиындықтарға қарамастан, 2015 жылға өсіммен қадам басады. «Бірнеше күннен кейін индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталады.

Соған орай, Үкімет инноваторларды мемлекеттің қалай көтер­мелей алатынын қарастырғаны жөн. Оларды оқыту керек, нәтижесі жеміс­ті болады. Бәлкім, лайықты инновация әзірлегендерге арнайы мемлекеттік сыйлық тағайындап, марапаттау арқылы үлгі ету керек шығар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы экономика саласында өршіл міндеттерді жүзеге асыруға ұмтылған жөн екенін айтты. «2020 жылға қарай жоғары технологиялық өнім үлесі ІЖӨ-нің 1,5 пайызынан 5 пайызына дейін өсуі тиіс. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер секторы бүгінгі 8-ден 20 пайызға дейінгі өсімді қамтамасыз етуі қажет, ең бастысы – ол жекеменшік сектордағы инновацияны дамыту есебінен жасалғаны жөн. Бұл міндеттерге жету жолындағы негізгі тұғыр Назарбаев Университеттің «Астана бизнес кампус» ғылыми паркі мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі болады», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев республикада жаңа өңдеуші кәсіпорындар құру қажеттігіне, оған шетелдік капиталдың қатыстырылу жайына тоқталды. «Сірә, бізге жаңа мұнай өңдеу зауытын және мұнай-газ саласының бірнеше ірі кәсіп­орнын салу қажет болар. Қымбатқа түсетіндігіне қарамастан, олар химия өнімінің барлық бағытын қамтып, газдан дәрі-дәрмекке, киімнен полиэтиленге дейінгінің бәрін шығарады. Сондай-ақ, Қазақстанда бүкіл әлемге қажет кабель өнімінің толық циклін қамтитын жаңа мыс қорыту комбинатын салуға тырысу керек. Жалпы алғанда, шаруа көп, индус­трия осы жолмен жүруге тиіс. Үкімет алдына қоятын міндетім – жаңа 5 өңдеу зауытын салу үшін Қазақстанға ең кемі 5 ірі трансұлттық корпорацияны тарту», – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы сапалы болат шығаратын жаңа металлургиялық зауытты Рудныйда немесе Қостанайдасалу дұрыс болатындығын атап өтті. Мұнымен қоса, Елбасы мұнай-газ саласында бірнеше ірі кәсіпорын салу қажеттілігін жеткізді. «Олар қымбат жобалар, яғни 6-8 млрд. долларды құрайды. Бірақ, бұл өндірістер химиялық өнімнің толық желісін қамтиды, дәрі-дәрмектен бастап, киім-кешекке дейін шығаруға қауқарлы», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұған қоса, Президент барша әлемге қажетті өнім шығара алатын жаңа мыс балқыту зауытын Қазақстанда салу керек екенін қадап айтты. «Еліміздің қорғасыны ең жақсы деген аккумуляторларды өндіруге пайдаланылуы тиіс. Мақсаттар ауқымды, осы орайда индус­трия аталған жолмен жүруі тиіс», – деп Елбасы. Қазақстан Президенті бүгінде жалпы­ұлттық және жергілікті деңгейде нақты инфрақұрылымдық даму нысандары айқындалып, тиісті қаражат бөлінгенін атап өтті.

«Әрбір жауапты министр мен вице-премьердің, аумақ әкімінің, мер­дігер компания басшысының жұмыс күні құрылыс жұмыстарының және қаражатты тиімді пайдаланудың инспек­циясын жасау­дан басталуы тиіс. Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі барлық кеңестерді шенеуніктердің жылы кабинетінде емес, құрылыс алаңдарында өткізу қажет. Тек сонда ғана нәтиже болады және қа­зақстандықтардың билікке сенімі артады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Тұрақтылық төбеден түсе салған сый емес Елбасы сөз арасында таяуда ғана Ук­раинаға жұмыс сапарымен барғанын, бұл елде жауапсыз саясаткерлердің кінә­сінен тұрақтылық бұзылғанын баса айтты. «Біздер, қазақстандықтар үшін тұрақ­тылық – үлкен таңдау. Тек келісім, тұрақтылық жағдайында ғана біз қазіргі жетістіктерге қол жеткіздік. Олай болса, оны сақтай білейік. Әрбір қазақстандыққа: егер мұны шайқалтуға әрі бұзуға тырысатындар болса, онда біз оларға қазақстандық қоғамның барша қуатын аударуымыз қажет. Яғни, әуелі – экономика, ал одан кейін саясат ұстанымы осы уақыт бойы жұмыс істеп келді, істей де беретін болады. Келісім болмаған жерде болашақ жоқ», – деді Елбасы. Осы орайда Президент былай деді: «Тұрақты даму деген бізге жоғарыдан біреу салып берген бұдырсыз даңғыл жол емес. Ешкімнің бізге сыйлығы емес. Әртүрлі кедергілер мен қиындықтар кездесіп отыруы заңдылық. Өмір солай. Өмір оңай емес. Өмір – күрес. Өмір – бәсеке. Әр адамға, әр елге, әр мемлекетке жеңіске жету үшін сол күрестерде жеңу қажет. Тек қана жақсыға кенеліп үйренген жан ол жақсылықты бағаламайды. Анда-санда табанға тас батпаса, даңғыл жолдың қадірі де білінбейді. Сондықтан да қазіргі қиыншылықты сол табанға батқан кішкентай қиыршық тастар деп бағалайық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы ретте Елбасы ең бастысы бірлі­гімізге бекем болып, татулықты ту ете білу керектігін баса айтты. «Әрбір адам тұрақтылықтан айнымай, қоғамдық келі­сімді тұғыр ете білейік. Ел бірлігі ешқашан құны түспейтін, жыл өткен сайын маңызы артып, мәні тола түсетін шексіз байлық болып табылады. Сол байлықты көркейте берейік», – деді Президент.  

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының алғашқы қарлығаштары Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Алтын сапа» және «Парыз» ұлттық байқауларының барлық қатысушыларын құттықтап, олар патриотизмнің арта түскенін, Қазақстан бизнесінің табысын, келешегі бар екенін көрсетіп отырғанын атап өтті. «Бұл – елдің үдемелі экономикалық өсімін нақты компаниялар мен бизнесмендердің үлесін бағалау арқылы дәл көрсетіп беретін барометр», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіп­орындар өз жұмысы, индустрия­лан­дыруға қатысуы арқылы ел эконо­ми­касының да, әлеуметтік саласының да нығаюына үлес қосып отырғанына тоқталды. Аталған байқаулар отандық өндірісті дамытуға және инновациялық қызметке өз үлесін қосып келе жатқан компаниялардың еңбегін ескеріп қана қоймай, оларды шабыттандыру арқылы сапалы қызметті арттыру мақсатында өткізілген болатын.

Бүгінгі күні бұл байқау жүлделері – қазақстандық компаниялардың ара­сын­дағы ең беделдісі. «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» бай­қауларының жеңімпаздарына құрмет көрсету – сапа идеясын алға жылжытуға, заман талабына сәйкес басқарудың мемлекеттік стандарттарына және сапа белгісін бақылауды бағыттауға өз септігін тигізеді. Мемлекет басшысының «Алтын сапа» жүлдесі пайда болған 8 жылдың ішінде мұндай зор атаққа 51 компания ие болды. «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі өткелі бері республикалық деңгейде 97 дипломант анықталған еді. Мықтылардың мысын басып, жүй­рік­термен жарыса отырып, оқ бойы оза шауып алға шыққан үздіктерді, яғни Гран-при иегерлерін Елбасының өзі марапаттады. Жеңімпаздарға тоқталып өтсек, республикалық «Парыз» сыйлығының бас жүлдесін жеңіп алған Қызылорда облыстық «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» номинациясы бойынша марапатталды. Аталған серіктестік өткен жылы құрылғанына 20 жыл толу мерейтойын және коммерциялық мұнай өндіруіне 15 жыл толуын атап өткен болатын. Серіктестік еліміздің мұнай-газ кәсіпорындарының ауқымды тізбегінде ерекше орын алады.

Компания өзінің бірегейлігімен егемен Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа тарихына өз атын енгізді. Бұл компания республикамыздың тәуелсіздігінің қиын-қыстау кезінде ашық есіктер экономикасын құру нәтижесінде және шетелден инвестиция тарту туралы жариялаған Елбасымыздың парасатты әрі саналы шешімінің арқасында пайда болған еді. Жұмыс тиімділігін іс жүзінде көрсете алған алғашқы бірлескен кәсіпорындардың бірі. Бұл компания, мемлекетте алғашқы рет жойқын әлеуметтік жоба – жол үсті газын жеткізуді жүзеге асырған болатын. Марапаттау барысында ортаға шақы­рылған компания басшысы Медет Кәрім өз қуанышын жеткізді: – Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз серіктестіктің жұмысына жоғары баға беріп, сенім артқаныңыз үшін шын жү­рек­тен «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіп­орын атынан рахметімді айтамын. Бүгінгі республикамыздың үздік кәсіпорындарының қатарына еніп отырған өз мекемемді таныстыру мен үшін үлкен құрмет, асқан мәртебе. Бұл ардақты марапатты алуға біз ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек етіп, табандылығымызбен жетіп отырмыз деп ойлаймын.

Әсіресе, осы жеңістің биылғы жылы өзіңіз ылғи айта жүретін Қазақстан мен қазақстандықтарға осы тығырықты жолда тек аяқтан тұруға ғана емес, алға қойған мақсаттарымызға жетуге мүмкіндік беретін әлеуметтік және экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарын айқындап беріп отырған кезеңмен тұспа-тұс келуі біз үшін үлкен құрмет, – деді. Сонымен қатар, «Алтын сапа» байқауының «Жылдың үздік жобасы» номинациясымен Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС үздік атанды. Компания туралы тоқталар болсақ, «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС – жоғары сапалы сараланған төзімді рельстерді шығарумен айналысушы әлем кәсіпорындарының тізіміне кіретін және де Қазақстандағы орташа және пішінді илектің жалғыз өндірушісі болып табылатын бірегей кәсіпорын. «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС шығаратын 120 метрлік жоғары ұзындықты рельстердің ТМД аймағында аналогы жоқ және олар жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған. Олармен жүру жылдамдығы сағатына 350 километрден жоғары. Рельстердің сапасы оларды ең қатаң климат жағдайларында пайдалану талаптарын қамтамасыз ететін болады. «Siemens-VAI» дүнеиежүзілік аты бар прокат станы және итальяндық компанияның мамандары тарапынан прокат технологиясының бақылануы – шығарылатын өнімнің жоғары сапалы болуына кепіл. Компания директоры Андрей Кузьмин Елбасының марапатын қабылдай отырып, жылы лебізін білдірді:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ақтөбелік зауыттың қызметкерлері, құрылысшылар мен жобалаушылар, сондай-ақ, серіктесіміз «Сименс» компаниясы атынан Сізге үлкен алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің зауыттың инновациялық өнімі «Нұрлы Жол» Экономикалық Саясатының жүзеге асуына айрықша үлесін қосып, келешекте жаңашыл жобалардың дүниеге келуіне негіз болатынын айтқым келеді. Біздің еңбегімізді жоғары бағалап жатқан­дарыңызға үлкен рахмет! Бұл жетістік бізді одан әрі табыстарға жетуге қозғау салып, шабыттандыра түсетініне сенімдімін, – деді. Келесі кезекте, «Алтын сапа» аясында «Өндірістегі үздік инновациялар» аталымы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық «Посук Титаниум» ЖШС үздік атанды. Сөз сөйлеген компания басшысы Әсем Мамутова Елбасына алғыс айта отырып, зауыт атынан ризашылығын білдірді. «Өскемендегі титан-магний комбинатының ұжымы атынан Сізге осы марапат үшін алғыс білдіреміз. Біздің өндіріс орны алғаш болып титан құймаларын жасады. Сонымен қатар, титан сүйменін толық өңдеу арқылы өндірісімізді қалдықсыз етеміз. Біздің бүгінгі жеңісіміз жігерімізді жанып, тағы бір шабыттандыра түскендігін айтқым келеді. Ең қиын жағдайларда уақыт тауып, комбинатымыздың шешілмеген мәселелерін реттеуге көмектескеніңіз үшін алғысым шексіз. Сізге зор денсаулық пен, еліміз үшін жасап жатқан ерен еңбегіңізге табыс тілеймін» деді.

«Тек «Парыз» жүлдесі байқауына қатысушылардың өзі жалпы сомасы 152 миллиард теңге болатын 440 әлеуметтік жобаны іске асырды. «Алтын сапа» жүлдесі тағайындалған күннен бергі небәрі 9 жылда байқауға қатысушылардың жалпы саны 6 есе өсті. Бүгінде ұлттық байқаулардың барлық жеңімпаздары мен қатысушылары, жаңа кәсіпорындардың құрылысшылары мен еңбек ұжымдары – нағыз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының алғашқы қарлығаштары», – деді Мемлекет басшысы сөзінің қорытындысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары