Тәртіп сақшыларының қарапайым адамдарға күш көрсеткен. Көше ортасында болған жағдайды куәгерлер видеокамераға түсіріп үлгеріпті.
Оқиғаның нақты қай өңірде болғаны белгісіз, десе де желі қолданушылары видеодан Шымкент қаласын танып отыр. Бейнежазбада әйел мен ер адамның тәртіп сақшыларымен арпалысып тұрғаны көрінеді. Олар қашып шыққысы келгенімен, бұл әрекеттерінен түк шықпайды. Бір уақытта жігіт жұлқынып полиция қызметкерін итеріп жібереді. Ары қарай, ол былапыт сөздер айтып, полицейдің жағасынан алмақшы болған. Қасындағы әйел де бос тұрмай, жігітке болысады. Сол уақытта қызба қанды ер адамның көзіне полиция қызметкерінің біреуі қорғану газын шашып жібереді. Ол бетін ұстап қаша жөнелген. Қалғандары да артынан қуа кетеді. Әйел мен ер адамның полиция қызметкерлерімен не себептен жанжалға түскені белгісіз.