26.07.2018, 08:53

«Мына мәңгүрт кешірім сұрасын»: Қалқаман Сарин Абайды түк бітірмеді деген кәсіпкерге жауап берді

Күні кеше ғана белгілі кәсіпкер Нұрлан Байділдә Ұлы Абайды мойындамайтынын айтып, «Ол 21 ғасырда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болар еді» деп сынап тастаған. Байділдәнің бұл сөзіне ақын Қалқаман Сарин төмендегідей жауап қатты.

«Ол біздің заманымызда жай ғана блогер болар еді», – депті мына мәңгүрт. Бұл кемеңгер бабамыздың кемел шығармармаларын оқымаған оңбағанның сөзі. Бұл данышпан бабамыздың ел ісіне араласып би-болыс болғанынан бейхабар бейбақтың сөзі.

Сен өзің хәкім Абайдың заманында өмір сүрсең кім болар едің? Ойлаудың өзі қорқынышты…

Абай – қазақтың ақыл ойы. Абай – қазақтың ар-намысы. Абай – қазақтың өзі», – деп жазды Қалқаман Сарин Instagram-парақшасында.