$ 494.87  520.65  4.91

Газ бағасы бақылауда

Маңғыстау облысында газ бағасы 27 теңгеден асырылмайды.

«КазГПЗ» ЖШС мен газды бөлшек бағамен сататын кәсіпкерлер осындай келісімге қол қойды. 

«19 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ мен «ҚазГПЗ» ЖШС басшыларына қалыптасқан жағдайды реттеу тапсырылды. Маңғыстау облысындағы газ жеткізуші ретінде олар газ бағасын тұрақтандыру туралы келісімге келді. Ақтау қаласында газ құны - 27 теңге, Жаңаөзен қаласында - 25 теңге болады. Хаттамалық тапсырма күшіне енді. Бүгін Ақтау қаласы бойынша мониторинг жүргіздік, газ 27 теңгеден сатылып жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім бастығы Бекқали Жұбанов.

Осыған дейін «ҚазГПЗ» ЖШС газ сату кезегі мәселесін реттемеген. Осыған орай кәсіпкерлер арасында проблема туындады - біреулер тізім құруды сұраса, екіншілері «тірі» кезекке тұрып жатты. 

«Енді Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен олар газды кезекті сақтап сатады, бір орында газ сату лимитінің сақталуын тексереді. Қазір зауыт әр орын үшін белгілі бір лимит белгілеп жатыр. Өйткені олар қаланың әр жерінде орналасқандықтан, онда баратындардың саны да ерекшеленеді», - деп түйді Б.Жұбанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары