«Сыңсу» – бұрыннан келе жатқан қазақ дәстүрі. Оны бұзатылып бара жатқан қалыңдық айтады. Онымен қосылып жеңгелері де сыңсып, басқа шаңыраққа бара жатқан қайынсіңлісін шығарып салатын.
Алайда, бұл дәстүрді қазір көбі қайталай бермейді. Содан да болар, желіде тарап кеткен қазақ қызының сыңсуы көпшіліктің жүрегін тебірентті.
Екі жағынан жеңгелері ұстаған бойжеткен ұзату тойында өзі сыңсу әнін айтып, отбасындағылармен қош айтысады. Мұны көрген жұрт қазақтың ежелгі дәстүрін ұстанған оған сүйсініп, бақыт тіледі.