$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген кондукторлар жауапқа тартылды

Павлодарда мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген кондукторлар жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасы мониторинг және талдау бөлімінің маманы Самат Құшмағұлов мәлімдеді.

«Биыл тұрғындар кондукторлардың мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеуіне қатысты бірнеше шағым түсірді. Осыған қатысты қалалық автобус паркі мен трамвай басқармасының 30 кондукторының басын қосып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кондукторлар әкімшілік жауапқа тартылды», – дейді Құшмағұлов.

Дереккөз: Pavlodarnews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары