$ 444.32  473.33  4.76

Семіз әйелдер: Алматыда орнатылған жаңа мүсіндер жұрттың наразылығын туғызды

Алматыда орнатылған жаңа арт-нысандар жұрттың наразылығын туғызды. Семіз әйелдердің жалаңаш мүсіні желіде қызу талқыланып жатыр.

Бұл мүсіндер қаланың Өтеген батыр - Қабдолов көшелерінің қиылысына қойылған. Олардың қандай мақсатпен орналастырылғаны әзірге белгісіз.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында мүсінге қатысты неше түрлі пікірлер айтылуда. Көпшілігі оларды шенеуніктердің бәйбішелері деп келемеждеп жатыр.

Айта кетсек, осыдан бірнеше апта бұрын Алматының Атакент көрме орталығының қақ ортасына алып тиіннің мүсіні қойылған болатын. 23 миллион теңгенің мүсіні қала тұрғындарының наразылығын тудырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары