$ 447.4  477.55  4.76

«Ерке Есмахан мені ұмытып кетті»: Ақтөбелік емші әншілердің жолын ашып бергенін айтты

Атышулы ақтөбелік емші Жанарыс Жақсылықұлы алдына эстрада жұлдыздарының  да келгенін жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.

Бүгінде танымал әншілер «жұлдыз» болмай тұрып «халықтың сүйіктісі» аталып кеткен емшіге арнайы барып жол аштырған.

«Осы жерге жұлдыз болмай тұрып Ерке Есмахан да келген. Жұлдыз болған соң ұмытып кетті. Ол қайта келеді», - дейді Жанарыс Жақсылықұлы.

Әнші Димаш Құдайбергеннің де жолын атышулы емшінің өзі ашқан болып шықты.

«Кезінде Димашқа да әлемдік әнші боласың деп орамал лақтырдым. Ол кезде ол кішкентай болатын үйіндегілермен келді», - дейді Жанарыс Жақсылықұлы.

Ақтөбелік Қыдыр атаның батасын алуға әнші Асхат Тарғын да барған.

«Қазір «Чип- чип» әнін айтатын Асхат та осы жерде отырған. Артта алақанын жайып отыратын еді», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары