$ 494.87  520.65  4.91

Қамауда отырған ҚР СІМ-нің бұрынғы жауапты хатшысының үйінен $1,5 млн табылды (ВИДЕО)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысынан бір жарым миллион доллар ақша тәркіледі деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтты. Бектенов СІМ бұрынғы жауапты хатшысына қатысты тергеудің жүріп жатқанын айтып өтті.

"Қарашевты тінту барысында бір жарым миллион доллар тәркіленді. Қарашев жүйелі қоластындағылардан жүйелі түрде пара алды деп айыпталып отыр", - деді Олжас Бектенов.

Осыған дейін іс-қимыл агенттігінің өкілдері Қарашевтың 10 миллион теңгеден аса ақшаны заңсыз сыйақы ретінде алғанын хабарлаған болатын. "

Анарбек Қарашаев мемлекеттік қызметте бола тұра ведомствоаралық ұйымдардың басшысы Сәкенова, Нұрекенова мен Жұмасанованың құқыққа қарсы әрекеттерін жауып келген", - деп хабарлаған еді агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Кейінірек бұрынғы шенеуніктің пәтерін тінту сәті түсірілген видео пайда болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары