$ 443.44  480.51  4.88

Жезқазғанда аймақтық туризм сайысы өтті

Халықаралық туризм күніне орай Ұлытау ауданының Ұлытау тауларында дәстүрлі туристер слеті өтті. Іс-шараны «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестігі ұымдастырды.

Туристер слетінің мақсаты – туризмді насиахаттау, жастарға еліміздің, аймағымыздың таңғайып табиғаты, баға жетпес мәдени-тарихи мұраларын, ескерткіштері арқылы туған жеріне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру. Өңірлік туризмді дамытуға үлес қосып, жастар арасында спорттық туризмді жетілдіру. Сондай-ақ, аймағымыздағы туристердің техникалық және тактикалық шеберліктерінің деңгейін мейлінше жоғары деңгейге көтеру.

Додаға Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының командалары қатысты. Сайыстың бірінші кезеңі жаяу туризм техникасы бойынша жарыс, яғни кросс-жорық жаяу және тау туризмдерінің элементтерінен құралды. Оның ішінде палатка құру және жинау, түйіндерді байлау, алғашқы медициналық жәрдем көрсету, аспалы өткелден өту, таудан өту, төмпешіктер арқылы батпақтан өту, тау баурайы бойынша спорттық көтерілім және түсіру, таудан траверсері, дюльфер арқылы түсу, сондай-ақ, жарақаттанған адамдарды тасу секілді жаттығулар бар.

Ал, екінші кезең – құрамалы туристік эстафета. Жарысқа қатысушыларды Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев пен «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Бақытжан Көпбаев құттықтап, сәттілік тіледі.

Үш күнге созылған өте қызықты әрі тартысты өткен сайыста Ұлытау командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынды Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі еншіледі. Жүлделі үшінші орынға Жезқазған тау-кен металлургиялық коледжі лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен қатысуышы командаларға Жезқазған қаласы әкімі Қайрат Бегімовтың арнайы дипломы мен заттай сыйлықтар тапсырылды. Барлық қатысушы жастар осындай іс-шараны ұйымдастырғандарға ризашылығын жеткізді. Жаңа достар тауып, рухани азықтанып қайтты.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары