$ 498.34  519.72  4.85

Кореяда қайтыс болған қазақстандық сәбиді елге әкелуге ақша табылды

Оңтүстік Кореяда емделіп жатып көз жұмған қазақстандық бүлдіршіннің cүйегі елге жеткізілетін болды. Қайырымды жандар баланың ата-анасына ауруханаға қарыз - 90 мың долларын он күн ішінде жинап берген деп мәлімдеді КТК телеарнасы. 

Бұл ақша оның жансақтау бөлімінде жатқан күндерінің ақысы. Баланың туыстары қажетті қаражатты жинау үшін қайырымды жандардан көмек сұраған еді. Еліміз бен Ресей мемлекетінің азаматтары оның ата-анасына 71 мың долларды жинап берген. Естеріңізге салсақ, 5 жасар  Богдан Унру қатерлі ісіктен 23 қырқүйекте Сеул клиникасында өмірі үзілген еді. Содан бері ата-анасы баланың сүйегін елге әкете алмаған. Бұл іске консулдықтағылар араласса да, аурухана қарыздың толық өтеуін талап еткен болатын. Енді марқұмның денесі алдағы сейсенбі күні елге жеткізілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары