$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-дағы Первомайка ауылындағы көше атаулары қазақшаланып жатыр

ШҚО-дағы Шемонаиха ауданына қарасты Первомайка ауылының 18 көшесіне жаңа атау берілмек, деп жазады Алтайньюс порталы.

Ауыл тұрғындары көше атауларына байланысты өз нұсқаларын ұсына алады. Бұл туралы аудан әкімінің реми сайтында мәлімделді.

– Октябрьская көшесін Желтоқсан деп өзгертеміз. Бұны ономастикалық комиссия мақұлдады. Қалған 17 көшенің атауын әлі де ойластырамыз. Мүмкін жиын кезінде тұрғындар ұсынған нұсқалардың ішінен таңдап алармыз, – дейді аудан әкімдігі.

Көше атауларын өзгертуге байланысты жиналыс 12 қазан күні сағат 16.00-де өтеді. Тұрғындардың ұсынған атауларын арнайы өкілдер оқиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары