$ 439.43  473.31  4.82

Қарағандыда балабақшада жүрген сәби ауыр халде аурухана түсіп қалған (ВИДЕО)

Қарағандыдағы мемлекеттік балабақшаның бірінде сәби құлап, ауыр халде ауруханаға түсіп қалған. Баласының жағдайына алаңдаған ана көпішілкке Іnstagram әлеуметтік желісіндегі Shock_krg тобында видеоүндеу жариялады.

Айтуынша, балабақша қызметкерлері жедел-жәрдем шақырмаған, керісінше ата-анаға хабарласып, жаралы баланы үйге алып кетулерін сұраған. Алайда, немересінің ауыр халде екенін көрген әжесі бірден медицина қызметкерлеріне қоңырау шалған.

«Менің балам 4 жаста. Ол Қарағанды қаласындағы «Алмагүл» балабақшасына барады. 5 қазанда баламды балабақшаға өзім апардым. Сол күні ол ауыр халде Қарағанды облыстық жақсүйек бет аурулары ауруханасына жеткізілді. Осындай жарақатына қарамастан балабақша қызметкерлері жедел жәрдем шақырудан бас тартқан. Тіпті анама баланы үйге алып кетуін сұраған. Бұл қалай болғаны? Неліктен олар жедел жәрдем шақырмады? Ауруханада баламның ернінің асты мен үстін тіккен. Қазір дұрыс тамақтана алмайды. Осы оқиғаға кім кінәлі екенін білгім келеді. Сол үшін көмектессеңіздер», – дейді көпшілікке видеоүндеу жолдаған баланың анасы.

Балабақшада баланың қалай, қайда құлағанынан бейхабар әйел ондағы қызметкерлердің салғырттық танытқанына ашынғанын жеткізді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары