Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сот ғимаратының құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.
Ауқымды алты қабатты ғимараттың құрылысы қарқынды жүруде: төртінші қабаты салынуда, онда судьялар мен сот мамандарының кеңселері орналасқан. Құрылыс жобасының жетекшісі Владимир Хлыновтың айтуынша, жұмысты келесі жылдың ортасында аяқтау жоспарлануда.
Жобаға сәйкес, алдыңғы үш қабатта 33 сот мәжіліс залын және кеңесу бөлмелерін орналастыру жоспарланып отыр. Әрбір осындай залда шамамен 75 ш.м. Қылмыстық юрисдикция судьяларының залдарына шамамен 90 ш.м. қарастырылған. Жоғарғы қабат техникалық бөлмелер үшін сақталған.
–Соттың фойесінде адвокаттар, прокурорлар мен медиаторлардың тиісті жұмысы істеу үшін жағдай жасалынған, ашық типті заманауи фронт-кеңсе кабинеттері жабдықталады. Бірінші қабатта акт залы, баспасөз орталығы және асхана орналасады. Жер төлесі мұрағат пен автотұраққа арналған. Алтыншы қабатта мұражай мен серверлік орналасады, – деді жоба жетекшісі Владимир Хлынов.
Оның айтуынша, сот ғимаратының алдында автокөлікке арналған аула қарастырылған. Қалалық соттан басқа, жаңа ғимаратқа Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен кәмелетке толмағандар істерін қарайтын судьяларға арналған сот орналасады.
Құрылысшылар ғимаратты жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен салып жатыр.
Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауындағы құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу міндеттері бойынша бөлігінде атап өткендей, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Елбасы коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеп, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігін атап өткен еді.