Алатау ауданы әкімінің аппараты тарапынан тұрғындардың аудан бойынша қозғалысын жақсарту мақсатында Шаңырақ-1 шағынауданы, Ақжол көшесінде жолды тегістеу және асфальт қиыршықтарын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аумақтарды көріктендіру жұмыстары барысында «Құрылысшы», «Теректі», «Рахат-Мәдениет» ықшамаудандарында 500 метр заңсыз орнатылған қоршаулар мен 15 көлікжай алынып тасталды.
Аудан 10 жылдың ішінде, аудан бойынша жолдардағы шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Ақбұлақ» ықшамауданының шығыс бөлігінде ауыз су мен кәріз жүйелерін жүргізу аяқталысымен ұзындығы 7,8 шақырымды құрайтын 14 көшеге асфальт, «АЗТМ» ықшамауданында 3,2 шақырымды құрайтын 7 көшеге асфальт төселді.
Сондай-ақ, «АЗТМ» ықшамауданындағы Сұхамбаев көшесіне ұзындығы 283 метрді құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Шаңырақ-2» ықшамаудандағы Әубәкіров көшесіне, «Магнум» сауда кешеніне қарама қарсы Б.Момышұлы көшесінің бойына, Райымбек даңғылына дейін Саин көшесінің бойына және «Әйгерім-2» ықшамауданындағы Школьная көшесіне тротуар салынды.
Ал жыл соңына дейін Рысқұлов даңғылы бойында Момышұлы көшесінен бастап Шарипов көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, солтүстік айналым көшесі бойымен «Гелиос» жанармай бекетінен бастап Жұмабаев көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, арық лотоктары мен дренаж жүйесін қалыпқа келтіру мақсатында «АЗТМ-Алғабас», «Құрылысшы», «Қарасу», «Өжет», ықшамаудандарында құрылыс жұмыстарын жүргізу, Жаяу жүргіншілерге арналған жерасты жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын келесі мекен жайлар бойынша жүргізу жоспарланған.