$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбеде 4-сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталған

Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушылар мен мұғалімдер туберкулез дертіне қатысты жаппай тексеріліп жатыр. Өйткені бастауыш сыныпта оқитын баладан өкпе құртының ашық түрі анықталған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

4-сынып оқушысын дәрігерлер алғашқыда бронхит диагнозын қойып емдепті. Жұқпалы дерт тек рентгенге түскеннен кейін ғана белгілі болады. Бірақ бұдан басқа балалардың ата-аналары бейхабар екен. Мектеп мұғалімдері оларға оқушыларды жаппай манту ектіру туралы ғана ескерткен. Қазір екпе алған мыңға жуық баланың отыз пайызының білегіндегі дәрі салған жері ісіген. Сондықтан да оларды мамандар жіті бақылауға алды. Ал бастауышта оқитын науқас оқушы қазір ауруханада жатыр. Отбасында туберкулезбен ауырған ешкім жоқ. Мамандар дертті жазғы каникул кезінде жұқтырған болуы керек деп болжап отыр.

Гүлайым Иманова, №10 мектеп директорының орынбасары:

- Бізге хабарлады баланың ауырып жатқаны туралы туберкулезбен. Одан кейін дезинфекция жасалды. Қазіргі таңда 986 бала бар мектепте. Осы 987 баладан манту алынып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары