$ 494.87  520.65  4.91

«Сыра ішіп, секс іздейді»: Бойжеткен әріптесі жайлы бар шындықты жайып салды

Өткен жолғы сорақылықтан кейін құрбымды әрине, кешірдім. Бірақ ол ішуін, жүруін әлі тоқтатқан жоқ. Дегенмен сиретті.

Бір жолы екеуімізді Астанаға іссапарға жіберді. Ол орыс, мен қазақ редакциясынан, екі операторымыз бар. Операторларымыз 23-25-тердегі үйленбеген жас жігіттер. Күндізгі жұмыстарымыз аяқталған соң кешке кафеден кешкі ас ішіп, жалға алған пәтерге оралдық. Әдетте, іссапарда қонақ үйге бөлінген қаржыны үнемдеу мақсатында пәтер алатынбыз. Бұл жолы да сондай.

Үйге келгесін түннің жарымына дейін сыра ішілді. Мен ертеңгі жұмыс күнін сылтауратып жатып қалдым. Ойымда ештеңе жоқ, төсекті бір бөлмеге Сымбат екеуімізге, екінші бөлмеге жігіттерге салдым.

Түннің бір уағында небір дауыстардан оянып кеттім. Сөйтсем, жерде Сымбат әлгілердің біреуімен төсектес болып жатыр. Түннің қараңғысы, тыныштықта естілген жыныстық қатынас барысындағы анық дауыстар, небір иістерден жүрегім айнып, лоқсып кеттім.

Жөтелген болып дыбыс шығарып едім, жердегі екеуі ас бөлмеге жүгіре жөнелді. Дереу жуынатын бөлмеде су ағызылып, біршама уақыттан соң жігіт көрші бөлмедегі диванға жатқанын сықырынан сездім. Сымбат келіп жаныма жайғасты.

Көзім ілініп кетіпті. Бір уақытта қажеттілікпен шығайын деп ас бөлменің тұсынан өтіп бара жатып, тағы біреулердің жерде жыныстық қатынаспен айналысып жатқанын көрдім.

Біреуінің Сымбат екені анық.

«Ой блин, да что же это такое» деген сөз шығып кетті аузымнан. Барып қарасам, дивандағы бейнеоператорым орнында жатыр. Яғни Сымбатпен болып жатқан – екіншісі! О, сұмдық! Бір түнде! Араға сағат салып!

Сәлден соң Сымбат келіп бөлмедегі жарықты жақты.

– Не могла промолчать! Сука! Тварь! Ненавижу я тебя!

– Сама такая. Ложись спать а!

– Да пошла ты! Сейчас я телик разобью, – деді де маған тәпішкесін лақтырды. Есін енді ғана жиып тұрған масаңдау әйелмен кикілжіңдескім келмеген. Бір кезде сыртқы есік тарс етіп жабылды.

Атып тұрып қарасам, Сымбат кетіп қалыпты. Сағат таңғы 4. Құрбыма жынымның келгені соншалық, кетсең кете бер, – дедім де ұйықтай бердім. Іштегі болып жатқан жиркеніш, жеккөрушілік сезімдерімді айтып жеткізу мүмкін емес.

Таңертеңгісін есіктің қоңырауы соғылды. Ашсам Сымбат. Аяғында аяқ киімі жоқ, күртешесі де жоқ. Аянышты халдегі құрбым тұр теңселіп.

– Прости меня Гульнурка, прости, прости…

– Қайда болдың?

– Не знаю, с каким-то таксистом. Он меня увез… не помню… но привез же…

Мені құшақтап біраз жылады. Сосын жатып ұйықтады. Әрине, сол күні ол жұмыс істеген жоқ.

Бұл шырғалаңнан құрбымды қалай құтқарсам болады? Оған ренжуім керек пе? Әлде, оны аяуым керек пе? Басым қатып кетті.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Ынтымақ жеңіске бастайды
Келесі жаңалық
Жарық сөнбесін десеңіз...